Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы тарихи кешені, ілгерішіл болмысымен танылған Жәңгір хан атындағы мұражай, шаруалар көтерілісін бастаған Е. Пугачёв усадьбасы сынды тарихи орындар бұл өңірдің азаттықты ту еткен тартысты оқиғаларымен байланысты
Time left

Time

GMT +5

Center

Орал

centre of province

Spots

5

tourist attractions

Time left

Weather

+6°C

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысындағы саяхатыңызды 1584 жылы негізі қаланған (ал 1613 жылы қала мәртебесіне ие болған) әкімшілік орталығы – Оралдан бастаған жөн. Төрт жүз жыл ішінде қала көптеген өзгерістерге ұшырады. Ресеймен экономикалық және мәдени қарым-қатынастар салдарынан, Оралда сол уақытты айрықша көрсететін көптеген сәулет ескерткіштері, мұражайлары, тарихи орындары қалды.

Тарихи орындар

  • Батыс Қазақстанның ең танымал мұражайы – Жәңгір ханның ордасы орнында орналасқан «Бөкей ордасы» тарихи-мұражай кешені. Шамамен екі ғасыр бұрын тұрғызылған барлық құрылыстар қайта қалпына келтірілгендіктен, оларды сол дәуірде жүргендей сезініп, тамашалай аламыз.
  • Жәңгір хан мұражайы, Емельян Пугачев үйі, тарих және этнология мұражайы, М.Мәметованың үй-мұражайы және Орал қаласындағы басқа да мәдени орталықтар.
  • Оралдан алыс емес жерде Алтын орда дәуірінің Жайық қалашығын көруге болады.

Батыс Қазақстан облысының көрікті жерлері

  • Таңғажайып панорама ашылатын Үлкен Ичка тауы (облыстың ең биік нүктесі).
  • Сирек кездесетін қара тұқымды көпжылдық емен өсетін аймақ – «Дубрава» ботаникалық табиғат ескерткіші.
  • Қазақстандағы ең көне және көріктілерінің бірі – Аққұм шөлі. Ол мұз дәуірінен бері сақталған деп есептеледі.
  • Сауркин Яр – Жайық өзенінің иіліміне көркем көрініс ашылатын, өзен жағалауының ең биік нүктесі.
  • Сарқырама көлі және Қазақстандағы ең кішкентай деп танылған сарқырама.
  • Нарымқұм шөлі. Айналаны мұқият зерттеген саяхатшы бұл жерде найза мен жебе ұштарын немесе көне ыдыс-аяқтардың қалдықтарын табуы мүмкін.

Photo gallery

Орал қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайы

Add your photo

Choose one or more photo

PublicationsAll publications