menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Басты бетМаршруттар

Тараз және оның төңірегі

3 күнЭкскурсиялық турЖамбыл облысы

Бағыттың құны

Тур жайлы

Әйгілі «көпестер шаһары», Тараз қаласы – Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінде зор маңызға ие, осы сауда торабымен бір уақытта құрылған, 2000 жылдық тарихы бар мекен. Тұтас қазақ жеріндегідей, мұндағы сауда-саттық, Түркі қағанатының құлауымен қыза түскен. Бірақ, Тараздың тарихы әлдеқайда терең. Оған куә болып отырған қала маңындағы Ақыртас қалашығы – VIII ғасырға жататын кедір-бұдыр құрылыс, немесе тауға қарай таяуда кездесетін 3000 жыл бұрын тасқа қашалған суреттер. Соңғы кезде Тараздың қақ ортасында, бұрын сауда қайнап тұрған базардың орнында қазба жұмыстары жүргізіліп, шаһардың ескі келбетін қайта құру бойынша жұмыс басталып кетті. Мұражайлар құрылып, туристерге қолайлы жағдай жасала бастады. Алматы Ақыртас Ғалымдардың айтуынша Ақыртас VIII ғасырда араб қолбасшысы Күтейбінің бұйрығымен алып тастардан салынған. Оған архитектуралық пішіні жағынан сириялық Пальмирадан алыс емес жерде орналасқан 728 жылғы Каср әл Хайр әл Шарки сарайы ұқсас келеді. Тектұрмас Аңызға орай, бұл кесене исламды тарату бойынша қызметімен танылған Тектұрмас атты әулие Сұлтан Махмұд ханның мазары. Археологтар бұл жерде ислам салтымен жерленгендерден басқа, христиан және зороастризм мәдениеті бойынша салынған қабірлер де тапқан. Оған қоса, осы жерден Таразға керемет бір көрініс ашылады. Қарахан Бұл кесене IX ғасырда, бүкіл Орта Азияға әмірі тараған Қарахан династиясы билеушілерінің бірінің басында салынған деп саналады. Кесененің бетіндегі кірпіш қазіргі заманға тиесілі болғанымен, тарихшылардың айтуынша, ішіндегі кейбір кірпіштер сол қарахандықтар заманынан сақталған екен. Басқа сөзбен айтқанда, тарихқа «қол ұшыңызды тигізу» үшін, кесенеге кіргеніңіз жөн. Ежелгі Тараз Он жыл бұрын бұл жерде (яки мұның үстінде) үлкен базар болған. Бұл орын үшін, қала басшылығын алдымен базар тұрғанына қарамастан қазба жұмыстарын бастап кетуге, кейін бұл сауда орнын тіпті көшіріп тастауға көндірген ғалымдарға алғыс айту керек. Қазіргі күні мұнда тарих пен кейінгі заман тоғысқан осынша үлкен жоба іске асырылуда. Айша бибі мен Бабажы қатын Жазбаларда бұл екі керемет кесененің құрылысы туралы ешқандай ақпарат сақталмаған. Тек батыр Қарахан мен сұлу Айшаның махаббаты, және қыздың бағушысы туралы аңыздар ғана бар. Бұл оқиғаға сай, Айша жылан уынан өлген соң, қайғырған Қарахан сүйіктісіне арнап кесене салдырған екен. Ал, Айшаға адал Бабажы қатын өмір бойы сол мазарға қамқор болып, өлген соң оның басында да бір кесене көтерілген. Тараз Алматы Must do! - Айша бибі кесенесіне кірместен оның сыртынан сағат тіліне қарсы бағытта қабырғасына қол тигізе жүріп, үш рет айналу керек (жергілікті дәстүр сондай). - Әулиебастау атты бұлаққа барып қайтыңыз. Ол соған аттас қалашықтың маңында, Тараздан 30 шақырым жерде орналасқан. Жыл бойы Цельсия бойынша +16 градусты сақтап тұратын, құрамында көптеген минералдар мен микроэлементтер бар оның суы емді деседі. Бұдан бөлек Тарихты одан терең білем десеңіз, Тараздың шығысындағы тауларға қарай орналасқан Қарасай шатқалына барып қайтуыңызды ұсынамыз. Бұл жерде қола және ерте темір дәуіріне жататын көптеген тасқа қашалған сурет таба аласыз. Ал, Тараздан Алматыға дейінгі жолда Меркеге соға аласыз. Мұндағы Қырғыз тау жотасының әсемдігі жергілікті тарихи мұрамен сәтті үйлескен.

Картада