Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы (Сапар орталығы)
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Дүниежүзілік ЮНЕСКО мұралары тізіміне енгізілген.
Қорғалжын қорығының әлемдік маңызы бар табиғи нысан екенін, оның Дүниежүзілік ЮНЕСКО мұралары тізімінен орын алғанынан-ақ аңғаруға болады. Қорғалжын қорығының маңынан құрылған "Сапар орталығында" қорық жайлы жан-жақты мәлімет беретін мұражай мен ресурстық ақпараттық орталық орналасқан. "Сапар орталығындағы" әрбір зал жеке тақырыптың аясында өрбиді. Мысалы: "су залында" Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің қалыптасуы жайлы баяндалса, "дала залы" қазақ сахарасының жануарлар әлемі турасында толыққанды мәлімет береді. Одан бөлек, орталық негізінде "сиқырлы" аңыздар дәлізі, кинозал және ойындардың көмегімен балалардың табиғи құбылыстар жайындағы танымын кеңейтетуге септесетін қызықты балдырған алаңы ұйымдастырылған.