menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Көл

Балқаш көлі

Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды болғандықтан, Балқаш жартылай тұщы көлдер санатына кіреді.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Қарағанды облысы

Балқаш көлі

Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды болғандықтан, Балқаш жартылай тұщы көлдер санатына кіреді.

600 шақырымға созылып жатқан көл көрінісі аса көркем болғанымен, қабағы қатулы табиғаттың иелігінде жатыр. Балқаштың жағасы Бетпақдала шөлі, Шу-Іле тау сілемдері, Тауқұм құмдарымен шектеседі. Бүгінде аса ірі аумақты қамтып жатқан көлдегі жағажайлық туризм Қарағанды және Алматы облыстары аумағында бірдей қарқынмен дамуда.

Көл маңында ауа райы құрғақ. Сол себепті мұндағы жаз қашанда ыстық, жауын-шашын мөлшері төмен болады. Демалысын жылы суға шомылып, шуақты күнге қыздырынып өткіземін деуші келушілер үшін таптырмас орын.

Балқаш жағалауында толыққанды демалысқа қажетті барлық жағдай бар. Желкенді спорт, байдаркалық есу, балық аулау сияқты белсенділікке жаны жақын демалушыларға ұсынылатын таңдау аясы өте кең. Көл айдынында жиі кездесетін шағын аралдар жүзуден әуесқой жарыстар өткізілетін кезде ақтық мәре ретінде таңдалып жатады.

Көлдің Қарағанды облысындағы және Алматы облысындағы жағалауы демалысқа бірдей қолайлы. Балқаштың бойында және көлге жақын жатқан елді мекендерде түрлі санаттағы демалыс орындары қызмет көрсетеді.

Алматы облысы Сарқанд ауданында 25-ке жуық орналастыру орны бар. Балқаш қаласына негізделген қарағандылық жағалауда олардың саны бұдан айтарлықтай көбірек: демалыс орындарының басым бөлігі Шашубай және Тораңғылық елді мекендері мен Приозерск қаласында шоғырланған.

Жағажайлық демалыстың бар қажеттілігін өтеп тұрған орналастыру орындарынан бөлек, Приозерск қаласындағы «Балқаш» емдік-сауықтыру кешенін ерекше атап өтуге болады.

Балқаш көлі жайлы бейнебаян


2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Нұр-Сұлтан және Қарағандыдан Балқаш қаласына дейін тікелей теміржол қатынасы жүзеге асырылады. Бекітілген уақытпен жүретін автобустар қозғалысы да тұрақтандырылған. Приозерск қаласына жету үшін қоғамдық көлікпен Сарышаған бекетіне дейін келсеңіз болғаны.

Алматы облысындағы бағдарларыңыздың соңғы нүктесі етіп Лепсі бекетін таңдауыңыз керек. Егер қандай да бір демалыс кешенінде алдын ала орын алып қойсаңыз, трансфер ұйымдастырылуы ықтимал. Болмаса жергілікті такси қызметіне жүгініп, жағалауға еш қиындықсыз жете аласыз. Демалысыңызды белгілі бір орынмен шектегіңіз келмесе, мінісіңізге көлік тауып, Балқаштың қалаған бөлігінде тоқтауға да мүмкіндігіңіз бар.

Орналасу және тамақтану

Өз көлігіңізбен саяхаттаған жағдайда, қажетті дүниенің барлығын өз «қоржыныңыздан» таба алатындай дайындық жасағаныңыз дұрыс. Азық-түлік, су және жанармай қорларын ең жақын деген елді мекендерде толықтықтырып, қамдап қойыңыз. Демалыс орталықтарында тамақтану құны күндік бағаға қосылады немесе ол үшін қосымша төлем жасау ұсынылады.