"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Ұлттық саябақ/ табиғи қорық

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Қайталанбас үндестікте тіршілік етіп жатқан жан-жануарлардың жарасымдылығына қарап, Көкшетау жерін "Қазақстан інжуі" атағына лайықты деп тануға болады.
Time left

Time to visit

2 сағат

Time left

Visit cost

Time left

Location

Ақмола облысы

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Қайталанбас үндестікте тіршілік етіп жатқан жан-жануарлардың жарасымдылығына қарап, Көкшетау жерін "Қазақстан інжуі" атағына лайықты деп тануға болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 1996 жылы Ақмола облысы аумағында "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылды. Ауданы 182 мың гектар жерді алып жатқан саябақ өзінің алуандылығы мен көркемдігімен сүйсіндіреді. Көкшетау жерінде бір-бірімен асқан үйлесімде тіршілік етіп жатқан аң-құстардың түрлері де, саны да өте көп.

Мұнда 185 көне мәдениет және тарих ескерткіші орналасқан. Өсімдіктің 800 түрі, жануарлардың 305 түрі(басым бөлігі Қызыл кітапқа енгізілген) кездеседі. Қалың қайыңды-қарағайлы ормандар да ерекше мақтаныш нышаны. Бұл аймақтағы әрбір көрнекті орын тағылымды тарих пен өзімен байланысты пайда болған наным-сенімдерге бай.

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы - қоршаған ортаның бастапқы қалпын сақтау және табиғаты бүлінбеген өңірде адамдар демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басты міндет ретінде айқындаған табиғатты қорғау ұйымы.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions