menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Көл

Бұқтырма суқоймасы

Қарағайлы орманның қойнауында орналасқан Бұқтырма суқоймасы – жағажайлық демалыс пен балық аулауға әуес туристер үшін аса тартымды айдын.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Шығыс Қазақстан облысы

Бұқтырма суқоймасы

Қарағайлы орманның қойнауында орналасқан Бұқтырма суқоймасы – жағажайлық демалыс пен балық аулауға әуес туристер үшін аса тартымды айдын.

1960 жылы негізі қаланған Бұқтырма суқоймасы Өскемен қаласынан 120 шақырым қашықта, қарт Ертістің алып арнасына салынған. Ел игілігіне тапсырылған кезден бастан осынау жасанды айдын Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді.

Бұқтырма жағалауында әр қонақтың талап-тілегін қанағаттандырып, ұмытылмас демалыс өткізу үшін барлық жағдай жасалған демалыс орындары да, ойын-сауық нысандары да өте көп. Оған қоса, су қоймасы шортан, сазан, мөңке, көксерке сияқты балық түрлеріне бай. Сол себепті Бұқтырманың жағажайлық демалыс пен балық аулауға әуес туристер арасында аса танымал болуы түсінікті.

Демалысыңызды Табиғат-анаға етене жақын өткізуді қаласаңыз, жағалауда шатыр құрып, барынша қоршаған ортаға сіңісіп кете аласыз.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Ең дұрысы – өзіңіздің көңіліңізден шыққан демалыс орны, пансионат, жеке коттедж не қонақжайды сапарыңыздан бұрын таңдап, орын брондап қою. Ол үшін ойлаған орныңызға тікелей өзіңіз хабарласуыңызға немесе Шығыс Қазақстан облысындағы туристік агенттіктердің біріне жүгінуіңізге болады. Демалыс орындарының көбі Бұқтырманың көріністері аса көркем оң жағалауында шоғырланған. Өз қонақтарына облыс орталығы – Өскемен қаласынан демалыс орнына дейінгі трансфер қызметін ұсынатындары да жетерлік. Жағалауға өз жолыңызбен жетуге де болады. Бұқтырмаға бастар бағытыңыз таңдаған демалыс орныңызға байланысты. Егер таңдауыңыз «Көгілдір шығанақ» демалыс орнына түссе немесе маңайында демалыс орындары көп Жаңа Бұқтырма елді мекеніне қарай баруды ұйғарсаңыз, Өскемен–Зырян тасжолымен жүресіз.

Егер демалыс орныңыз «Көгілдір шығанақтың» қарсы бетінде жатса, Өскеменнен Жоғарғы Тайынты (шамамен 90 шақырым) елді мекеніне қарай жол тартасыз. Жоғарғы Тайынтының арғы жағында бірден демалыс аймағы көрінеді. Жағалаудың екі арасында паромдар мен катерлер де қатынап тұрады. Осынау көлік түрімен жүрмек ойыңыз болса, оның жайын да тұрақтауды жоспарлап жүрген демалыс орнының әкімшілігінен сұрап, біліңіз.

Орналасу және тамақтану

Бұқтырма жағалауында қызмет көрсету нысандары жеткілікті болғандықтан, тамақтану мен орналасу жағынан мәселе туындамауы керек. Әдетте тұрақтаған орныңызда тамақтану қызметі қоса ұсынылады. Сапарыңызды жоспарлау барысында барлығын алдын ала анықтап алғаныңыз жөн. Қажет болса керек-жарақ заттар мен ас-суды Өскемен дүкендерінен сатып, қамдап қойыңыз. Себебі демалыс орындарындағы дүкендерде бағалар жоғары әрі таңдау аясы шектеулі болады.