menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Көл

Алакөлдің шығыс жағалауы

Алакөл – Шығыс Қазақстан облысында орын тапқан, суы – ем, айдыны – асыл көл.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Шығыс Қазақстан облысы

Алакөлдің шығыс жағалауы

Алакөл – Шығыс Қазақстан облысында орын тапқан, суы – ем, айдыны – асыл көл.

Бұл ағынсыз көл орта ғасырлардың өзінде жұртшылыққа жария болған. Ұлы Жібек жолының бір тармағы осы маңнан өткендіктен, саяхат қиындығынан қажыған жиһанкездер Алакөл жағасында аялдап, келер қашықтықты еңсермекке күш-қуат жинап алмай ары қарай аттанбаған. Ежелден-ақ көпшіліктің көзі жеткен көлдің кереметін кейінгінің ғалымдары зерттеулерімен дәлелдеп келеді. Алакөлдің оңтүстік бөлігінің суы тұщы, ал солтүстік бөлігі жерасты минералды су көздерімен қоректенетіндіктен, тұзды әрі шипалы болып келеді. Көл аралдарында Алакөл мемлекеттік қорығы ұйымдастырылған. Алакөлге ден мен жан саулығын қалыпқа келтіріп, қала қарбаласынан тыным тауып, даланың еркін желіне бой сергітпек жандар ұмтылады. Осынау ұмтылысты толықтай қанағаттандырарлық жағдай Алакөлде толықтай жасалған: түрлі қонақ үйлер мен демалыс орталықтары, жайлы жағажай, белсенді демалыс орындары жетерлік.

Алакөл жайлы бейнебаян


2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Алакөлдің Шығыс Қазақстан облысындағы жағалауында орналасқан демалыс орындарының басым бөлігі Қабанбай ауылына жақын шоғырланған.

Өскемен және Семей қалаларынан рейстік автобустар қатынайды. Жыл сайын жаз маусымына орай рейс саны да артады. 2018 жылдан бастап маусым – қыркүйек айлары аралығында Өскемен-Жалаңашкөл поезды теміржол арқылы жолаушылар тасымалын іске асырып келеді. Ескертерлік жайт: теміржол бекеті Алакөлдің оңтүстігіндегі алматылық бөлігінде орналасқан. ШҚО-дағы демалыс орындарына жаңадан салынған жайлы тасжолмен, такси жалдап жетуге болады. Сонымен қатар, бүгінде Нұр-Сұлтан – Үржар – Нұр-Сұлтан, Алматы – Үржар – Алматы бағытында әуе бағыттары қызмет көрсетуде. Әуе көлігін таңдар болсаңыз, Үржар елді мекенінен Қабанбай ауылына дейін жету үшін такси жалдап, 140 шақырым жүріп өтуге тура келеді.

Таңдалған демалыс орнына дейін жеткізу қарастырылған қазақстандық туроператорлардың арнайы ұсыныстарын да қарастырып көріңіз.

Орналасу және тамақтану

Егер Алакөлдегі жетіп, артылатын демалыс орындарының біріне жолдама алсаңыз, тамақтану құны жолдама бағасына қосылады, болмаса қосымша төлем негізінде ұсынылады. Ал Алакөлдегі демалысыңызды өзіңіз ұйымдастырар болсаңыз, азық-түліктің барлығын Қабанбай ауылындағы дүкендерден сатып алған ыңғайлы.