menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Шаңғы курорты

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені

Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені әлемдегі үздік трамплиндердің үштігіне кіреді.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені

Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені әлемдегі үздік трамплиндердің үштігіне кіреді.

Арайлы Алматының қауіппен қолтықтаса жүріп, қорқыныштың не екенін білмейтін экстремалдарды құшақ жая қарсы алатын «Сұңқары» бар екенін білдіңіз бе? Қалай болғанда да, енді білетін боласыз.

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарына орай салынған. 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы универсиада кезінде де бұл трамплиндер қайтадан спорт додасыны қанаған қазанына айналды. «Сұңқардың» спорттан бөлек, мәдениетке де сіңірген еңбегі зор. Аты аңызға айналған «Алматы – ең алғашқы махаббатым» ретро-фестивалі де «Сұңқар» қанатының астында өтті.

Кешеннің жалпы ауданы – 15137 шаршы метр, ашық стадионның сыйымдылығы – 5200 көрермен, үлкен трамплиндердің биіктігі – 125 және 90 метрді құрайды.

Трамплиндер кешені екі бөлімнен тұрады. Біріншісі – халықаралық жарыстар үшін, ал екіншісі оқу жаттығуларына арнаған. Бұл екеуінен бөлек «Сұңқарда» тағы бес трамплин бар. Олар әлемдегі халықаралық деңгейдегі ең үлкен трамплиндердің бірі саналатын К-125, К-95 және балаларға арналған К-60, К-40, К-20. Аталғанның барлығы әмбебап, әрі қарсыз да секіре беруге болатын жасанды жамылғымен қапталған.

«Сұңқар» кешенінде жыл сайын жаз және қыс маусымында шаңғымен трамплиннен секіруден жастар чемпионаттары өткізіледі. Чемпионат аясында спортшылар «шаңғы қоссайысы» бойынша да күш сынасады. Кешен аумағында қала тұрғындары мен қонақтарының арналған Gorilla Zipline аттракционы орнатылған. Құс ұшар биікте байланған болат арқанмен сағатына 50 шақырым жылдамдықпен зырғып өткіңіз келсе, мархабат! Аттракционға 10 жастан асқан, салмағы 40-120 кг болатын келушілер міне алады. Тек сөре алдында міндетті түрде сауалнама толтыру керек. Осыған ұқсас, бірақ біраз кішірек аттракционға Медеуге жолыңыз түссе міне аласыз.

Ал «Сұңқар» жақта келушілерді роупджампинг (альпинистік арқанмен секіру), велосипедистер қойылымы, тарзанкамен сырғу, қыс кезінде трамплиндерден шаңғымен, тау бөктерінен шанамен, баллондармен сырғанау сияқты қызықтар күтеді. Алматылықтар үшін мұндағы шолу алаңдарының да орны бөлек. Алатаудың айбынын сезініп, Алматының әсем көріністеріне үңілмек болсаңыз, «Сұңқарға» келуіңіз керек.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

«Сұңқар» кешенінің трамплиндерін Алматының әр бөлігінен көре аласыз. Нақты мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 128/8. Кешенге өз көлігіңізбен, болмаса таксимен жеткен ыңғайлы.

Орналасу және тамақтану

Бұл нысан қаланың ішінде орналасқандықтан, тамақтану мен орналасу бойынша артық сұрақ туындамасы анық. «Сұңқардың» өзінде сусын мен азық-түлік сататын дүңгіршектер жоқ болғандықтан, тіскебасар ас-суыңызды өзіңізбен ала барғаныңыз жөн.