menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Үстірт

Айдарлыаша геологиялық қимасы

Бұл ғасырлар тереңіне үңілуге мүмкіндік беретін халықаралық маңызы бар табиғи ескерткіш.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Ақтөбе облысы

Айдарлыаша геологиялық қимасы

Бұл ғасырлар тереңіне үңілуге мүмкіндік беретін халықаралық маңызы бар табиғи ескерткіш.

Қазақстанның табиғаты тамаша және ол кез келген туристің қызығушылығын тек эстетикалық жағынан ғана емес арттыруы мүмкін. Геоморфологиялық жағынан зерттелмеген Қазақстанды ашқысы келетіндер үшін Ақтөбе облысындағы Айдарлыаша геологиялық қимасы сияқты қызықты табиғат объектісі ұсынылады . Бұл жер 350 миллион жыл бұрын жер қыртысының қалай және неден пайда болғанын түсінуге мүмкіндік беретін органикалық қазбалардың ерекше орны.

Бұл табиғи нысан ХХ ғасырдың басында белгілі болды. Ғалымдар Айдарлыаша дала өзенінің тік жағасында таста қатып қалған ұлулардың қабығын тапты. Содан кейін мұнда ежелгі өсімдіктер мен жануарлардың басқа да көптеген қалдықтары табылды. Геологиялық қимаға осы өзеннің атауы берілді. Айдарлыаша қазақ тілінде айдарлы аша немесе жыра дегенді білдіреді. Көзбен көруге болатын қиманың ауданы үш гектар, ені 200 метр және ұзындығы 1,5 шақырым болады. Стратотиптің өзі биіктігі 50 метрге дейінгі жартас болып табылады.

Стратотип-бұл табиғи ескерткіш қана емес, бұл бүкіл әлемнің геологтары мен биологтары үшін үлкен ғылыми маңызы бар дүние. Бұл жердің көлденең қимасын зерттеу ғалымдарға жер қыртысының әр кезеңінің даму ерекшеліктерін түсінуге, Арал және Каспий теңіздері аумағындағы пайдалы қазбалардың әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

1996 жылы Қытайда өткен Халықаралық геологиялық конгрессте Айдарлыаша қимасы 10 миллион жыл бұрын өмір сүрген Карбон және Пермь жүйесініңі ізін сақтаған геологиялық ескерткіштердің халықаралық тізіміне енгізілді. Қазіргі уақытта бұл жерде болашақ геолог-ғалым болатын студенттендің оқу тәжірибелері, туристерге арналған экскурсиялар жиі өткізіліп тұрады.

2021–2022 жылдарға арналған пайдалы кеңестер.

Жету жолдары

Айдарлыаша геологиялық қимасы Ақтөбе қаласынан 45 км қашықтықта орналасқан. Одан Хромтау ауданындағы Ақжар ауылына дейін жету керек. Ақжар ауылынан батысқа қарай бағыт ала отырып, Қызылжар ауылдық округі Ақтөбе мен Хромтай ауданы арасындағы шекараға бағдарлана отырып, Айдарлыаша өзеніне қарай 10 километрге жуық жол жүру қажет. Әрі қарай, шамамен 50 метр биіктіктегі жер түзілімдерінің тік қабатын көзбен көрсететін өзен жағасындағы қиманы іздеңіз. Ол Айдарлыаша өзенінің оң жағалауында орналасқан. Барлық туристер оны өз бетінше табу оңайға соқпайды, сондықтан нақты ақпарат алу үшін жергілікті туристік агенттіктерге жүгінуге немесе жергілікті тұрғындардан объектіге қарай дұрыс бағыт-бағдар сұрауға кеңес беріледі (әдетте мал бағатын шопандар сұраған жөн).

Нысан әлі ғалымдармен толық зерттемеген ерекше табиғи ескерткіш болғандықтан, геологиялық мұраның тұтастығы мен табиғилығын бұзбау үшін өте мұқият қадам жасау керек.

Тамақтану және қонатын жер

Егер осы жерлерде түнеп қалу қажеттілігі туындаса, Ақжар ауылының жанында екі ірі ауылдық округ – Хромтау және Қарғалы бар. Бұл жерлерде дәмхана, монша, интернетке қол жетімді және автотұрақтары бар эконом-класты қонақ үйлер бар. Ақжар ауылында шағын қонақ үйлер, жергілікті азық-түлік дүкендері бар. Жалпы Ақтөбеден қимаға дейінгі жол ұзақ әрі шаршайтындай емес. Бірақ жолда ауыз су мен термосқа құйылған ыстық шай, жеке гигиена құралдары әрқашан пайдалы болады.

Дала өзенінің сағасын бойлай серуендеу үшін арнайы спорттық киім және аяқ киім кисеңіз ыңғайлы болады, ал кәсіби фотоаппарат сіз ашқан көне геологиялық олжаларды естелікке түсіруге көмектеседі.