menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Сауда ойын-сауық кешені / Шығыс базар

«Керуен сарай» туристік кешені

«Керуен сарай» ашылған сәттен-ақ Түркістандағы туристер жетуге асыққан орынға айналды.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Түркістан

«Керуен сарай» туристік кешені

«Керуен сарай» ашылған сәттен-ақ Түркістандағы туристер жетуге асыққан орынға айналды.

2021 жылғы сәуір айында Түркістанда Орталық Азиядағы аса ірі туристік кешен ашылды. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайының маңынан салынған «Керуен сарай» алғаш күннен-ақ туристердің Түркістанға деген қызығушылығын арттырды. Қазіргі туристік кешеннің нағыз керуен сарайдың орнына салынғандығы да соған себеп. Яғни, қазіргі сән-салтанаты жарасып тұрған «Керуен сарайда» серуендеп жүрген туристер, сан ғасыр бұрын сауда жолдарының торабы болған тарихи мекенді аралап жүргендей болады. Тарихпен табыстырар саяхатқа аттанбақ болсаңыз, Түркістанға шақырамыз!

Егер оңтүстіктің киелі орындарына зиярат ету мақсатында жолға шықсаңыз да, сапарыңыздың бағдарына «Керуен сарайды» қосуды ұмытпаңыз. Бұл орын рухани жолыңызды түрлендірер керемет мәдени аялдама болмақ. Мұнда шығыс базарында сауда жасап, «Қыз қуу» ойынын тамашалап, қазақы дәстүрлермен өрнектелген шығыс ертегісіне, Ұлы жібек жолы дәуіріне бойлайсыз. Жібек жолының бойындағы шаһарларда қай заманда да дана ойшылдар мен дарынды өнерпаздар, жиһанкездер мен зерттеушілер, барлығының өмір жолдары тоғысатын. Бүгінде де дәл солай. Жібек жолынан мұра болған қалалар қазірде ірі мәдени ошақтар ретінде танымал.

Туристік кешеннің жалпы аумағы 20,5 гектарды құрайды. Осынау 20 гектардан саяхаттап келген кісіге керектің бәрін табуға болады: сауда және ойын-сауық орталықтары, аттракциондар, мейрамханалар мен дәмханалар, жайлы қонақүйлер. Бірегей қойылымдар көрерменге жол тартатын алаңдар да бар. Жылқы мен көшпенділердің арасындағы ғасырлармен бекітілген үзілмес байланыстың негізін түсінемін десеңіз, «Қыз қуу» қойылымына баруыңыз керек.

«Қыз қуудан» алған әсеріңіз Ұлы дала тарихына деген ықыласыңызды оятары анық. Жол-жөнекей «Ұшатын театрға» да соға кетіңіз. Мұнда қазақ танымында орны бөлек Самұрық құсқа қатысты аңыздың желісі көрсетіледі. Кешкісін «Дала Венециясы» ретінде танылып кеткен су арнасының бойымен алып кеме тұрған айдынға баруға кеңес береміз. Қайықтар шеруіне үлгерсеңіз Қыз Жібек пен Төлегеннің махабаты жайлы керемет қойылымды тамашалап қайтатын боласыз.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

«Керуен сарай» туристік кешенінің аумағына кіру тегін. Кіреберісте туристерге кешенді толық аралап шығып, визит орталықтағы шағын мұражайға бару ұсынылады.

Қалай жетуге болады?

Түркістанға Қазақстанның ірі қалаларынан жету қиын емес. Тікелей әуе рейстері әзірге Қазақстанның тек екі қаласынан – Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ғана бар. Халықаралық әуежай Түркістан қаласынан шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Сонымен қатар, сіз пойызбен немесе автобуспен өз бетіңізше де, елдің туристік агенттіктері арқылы да жете аласыз. Сонымен қатар Түркістан қаласының ғана емес, сонымен қатар оның төңірегіндегі көрікті жерлерге экскурсия жасап, аралап қайтуға кеңес береміз.

Егер сіз көне қалаға өз бетіңізше келген болсаңыз, онда сіз «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайына таксимен немесе қала бойынша жүретін автобустың бірімен жетуіңіз керек. Сізге қажет аялдама – «Тельман». Аядама мен «Керуен-сарайдың» арасын алаң бөліп жатыр. Қарсы бетке өтсеңіз болғаны.

Орналасу және тамақтану

Нысан Түркістан қаласының ішінде орналасқандықтан, тамақтану мен орналасу жағынан мәселе туындамауы керек. «Керуен сарайдың» аумағындағы екі қонақ үйде орналасуға біраз шығындалу керек болады. Бірақ терезеден Түркістан көріністерін көргенде бұл қандай бағаны болса да ақтап шығатын әсемдік екенін түсінесіз.