menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Үңгір

Қоңыр әулие үңгірі

Қоңыр әулие үңгірі Шығыс Қазақстандағы тылсым қасиетімен, терең тарихымен, аса көркем көріністерімен белгілі бірден бір табиғи нысан.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Шығыс Қазақстан облысы

Қоңыр әулие үңгірі

Қоңыр әулие үңгірі Шығыс Қазақстандағы тылсым қасиетімен, терең тарихымен, аса көркем көріністерімен белгілі бірден бір табиғи нысан.

Қоңыр әулие үңгірі Абай Құнанбайұлының өмірімен тікелей байланысты. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында да қаламгер осы өңірді егжей-тегжейлі сипаттап жазып кеткен. Үңгірге жол тартқан әдебиет пен тарихтың тағылымын танымақ туристердің де, Қоңыр рухына тағзым етпек зияратшылардың да қатары осы күнге дейін ұзармаса, сиремеген.

Қоңыр әулие үңгіріШығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылынан 80 шақырым, ал Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым қашықта, Ақтас тауындағы шатқалда орналасқан. .

Біріншіден, Қоңыр әулие үңгірі шебер Табиғаттың бірегей туындысы. Сын-сипаты тым ерекше болғандықтан да, халық Қоңыр әулие үңгірінің тегін жер емес екендігін әу бастан білген. Халық арасында үңгірге келген адамның айы оңынан, жұлдызы солынан туып, денсаулығы жақсара түседі деген сенім бар. Негізсіз сенім емес. Ғалымдардың зерттеулері де үңгір суының емдік қасиетін талай мәрте дәлелдеп берді. Су кремний сияқты минералдарға бай екен.

Ұзындығы 150 метр үңгірдің тереңінде 3 көл жасырылған. Соңғысы әлі күнге дейін ғылымға да, адамға да жұмбақ, жеті қат жердің бізге белгісіз құпиясы.

Ақтас тауы бордан түзілгендіктен аты да, заты да ақ түспен байланысты. Таудағы жарықты көрсеңіз, үңгірдің қақпасын таптым дей беріңіз. Мұндайғы ауа температурасы +10 градус шамасында, ал адам аяғы жетер көлдегі су температурасы +4 градус. Зияратшылар түсетін жерасты айдынның ені 18 метрді, тереңдігі 5 метрді құрайды. Мұндағы су мөп-мөлдір әрі сергітерліктей суық.

Үңгірдің Қоңыр әулие атымен аталғандығының да өз тарихы бар. Ол Қоңыр, Қыран, Құлан атты үш ағайындыға қатысты аңыздың желісімен өріліп жатыр. Аңызға сенсек, жер жаһанды топан су басқан кезде, үш ағайынды өздерін кемеге жалғанған бөренеге байлап, аман қалған тірі жаратылыстың барлығын Нұх пайғамбардың кемесіне мінгізіп, тиеумен болған. Алып толқын тұрып, үш бөренені үш жаққа лақтырғанды, Қоңырдың бөренесі дәл осы үңгірдің алдына түскен-мыс. Осылайша үңгір өзгені құтқармақ болып, өзі қайтыс болған Қоңырдың есімімен аталып кетті.

Үңгір әлі де толық зерттеліп болмағандықтан, еліміздегі ғана емес, жер жаһандағы ең тылсым орындардың бірі ретінде танымал.

2021–2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Жолға өз бетіңізбен шықсаңыз, Семейден Қарауылға дейін 200 шақырым жүріп өтіп, әрі қарай Шыңғыстаудың баураймен тағы 80 шақырым еңсеруіңіз керек болады. Жол жөнделген. Десек те, Қоңыр әулиеге жол бастасаңыз Семейдегі туристік компанияның біріне жүгініп, шежірелі Семейдің бар тарихи қазынасымен танысып қайтуға кеңес береміз. Экскурсиялық бағдарға Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі, Абай-Шәкәрім кесенелері, Еңлік-Кебек кесенесі, Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтың мұражай-үйі және тағы басқа бірегей нысандар біріктірілген.

Тамақтану және орналасу

Жақында үңгірдің жанынан қонақжай ашылды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Тоқтамыс ауылында қонақүй мен кафе салынған. Бұлардан ірілеу Қарауыл елді мекенінде де бірнеше орналасу орны, ішіндегі ең танымалы «Еңлік-Димаш» және «Ер-Нұр» қонақүйлері, бірқатар дүкендер мен дәмханалар бар. Егер бұл жақтағы көрнекті орындардың барлығын аралап болып, қалаға қайтқыңыз келсе, Семейге оралуыңызға болады.