menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Кесене

Қарашаш ана кесенесі

Қарашаш ана кесенесі бүгінгі Сайрам, кешегі Испиджабтың аумағында ХІХ ғасырда бой көтерген тарихи ескерткіш.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Түркістан

Қарашаш ана кесенесі

Қарашаш ана кесенесі бүгінгі Сайрам, кешегі Испиджабтың аумағында ХІХ ғасырда бой көтерген тарихи ескерткіш.

Қарашаш ана кесенесі Түркістан облысындағы ежелгі Испиджап шаһардың аумағында орналасқан. Кесене Түркістан өңірінде кең тараған күмбезді-порталды сипатта салынған.

Біздің замананымызға ХІІІ ғасырлық кесене ХІХ ғасырда қалпына келтірілген түрінде ғана жетті. Уақыт пен табиғат түпнұсқа құрылысты қанша рет қиратып, жықса да, тарих тағылымы бұл ескерткішті сонша тұрғызып, ғасырдан ғасырға аманат етіп келеді.

Кесененің қақ ортасына Әзірет Сұлтанның аяулы анасы Қарашаш анаға мәрмәрдан қабір қойылған. Кезінде кесене күмбезіне бір тал қара шаш ілінген-міс.

Қарашаш ананың азан шақырып қойған есімі – Айша бибі. Оның әкесі Сайрамда аты аспандап тұрған Мұса шейх еді. Қарашаш ананың даналығы оның ел арасындағы даралығын айқындады. Көмекке зәру жандар алыс-жақындағы ауыл-аймақтан Қарашаш ананы іздеп келетін болған. Оның асқан ақылдылығы, емшілік қасиеті, түс жору қабілеті талайдың шешілмес түйіндерін шешіп, жазылмас жараларын жазған. Бай да бақуатты елдің тумасы болғанымен, бұқара халыққа ерекше жақын болған Қарашаш ана елдің ыстық ықыласына бөленіп, есімі өзінің туған өлкесінен әлдеқайда кеңірек танылды. Жылдар жылыстап, уақыт көші ол заманнан алыстап кеткенімен Қарашаш ана – ел есінде ана атаулының асыл үлгісі болып қала бермек.

Әзірет сұлтанның ардақты әкесі Ибраһим атаның кесенесі де осы маңда орналасқан.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Кесене қазірде Шымкент қаласының Қаратау әкімшілік ауданының құрамына кірген Сайрам елді мекенінде, екі басты көшенің қиылысқан тұсында, ескі зираттың аумағында орналасқан. Шымкент пен Сайрамның арасын 15 шақырым ғана бөліп жатыр. Жолға автобуспен немесе таксимен шыға аласыз. Сапарға шымкенттік туроператорлар ұсынатын турларға қатысып, болмаса жеке өзіңіз жоспарлап, аттана аласыз. Оның үстіне Сайрамның әр тұрғыны саяхатыңызды қызықты әңгімесімен өрнектеп берер жақсы жолсерік деген пікір қалыптасқан. Көне Испиджаптың тарихы мен тағылымына ерекше құрметпен қарайтын халықтың осындай қабілеті болғаны ғажап та емес.

Орналасу және тамақтану

Сайрам шағын елді мекен болғандықтан, бұл жақты бірнеше сағатта аралап үлгересіз. Бірақ Сайрамның қонақжай дастарханынан дәм татпай қайтпаңыз. Сайрамның тандыр пеште піскен самсасы туралы айтпасақ та білетін шығарсыз. Қонуға жайғасудың жайын Шымкенттен ыңғайлағаныңыз жөн. Мұнда сын-сипаты алуан қонақүйлер, хостелдер, жалға берілетін пәтерлер өте көп.