menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Шипажай / демалыс аймағы

Бурабай курорты («Визит орталығы»)

Көрген жанды көркемдігімен баурап алар Бурабай – Ақмола облысының қазына толы сандығы іспеттес. Бұл сандықта меруерттей тізілген көлдер, жасыл желекке оранған ну ормандар, жұмбаққа толы жартастар жасырылған.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Көрген жанды көркемдігімен баурап алар Бурабай – Ақмола облысының қазына толы сандығы іспеттес. Бұл сандықта меруерттей тізілген көлдер, жасыл желекке оранған ну ормандар, жұмбаққа толы жартастар жасырылған.

Орналасу орны

Орналасу орны

Бурабай

Бурабай курорты («Визит орталығы»)

Көрген жанды көркемдігімен баурап алар Бурабай – Ақмола облысының қазына толы сандығы іспеттес. Бұл сандықта меруерттей тізілген көлдер, жасыл желекке оранған ну ормандар, жұмбаққа толы жартастар жасырылған.

Бурабай – Ақмола облысынан орын тапқан таңғажайып табиғат туындысы. Осы «туындының» тылсым сырын ұғынып, сансыз қырын танымаққа арналған барлық саяхаттың тұсауы ұлттық саябақтың «Визит орталығында» кесіледі десек те болады. Мұнда келген әр турист өзін қызықтырған көп сұрақтың жауабын тауып, орталық негізінде ұйымдастырылған ойын-сауық нысандарын аралап, сол арқылы дүниетаным көкжегін де кеңейтіп, көңіл күйін де көтеріп үлгереді. Атап айтсақ, «Визит орталығында» Табиғат мұражайы мен хайуанат бағы бар. Хауанат бағында жануарлардың кейбір түрімен еш кедергісіз, жақыннан танысуға мүмкіндік беретін алаңқай жасалған. Мұндағы жануарлармен болған сөзсіз сұхбаттан да естен кетпес әсер аларыңыз сөзсіз.

Табиғат мұражайы Бурабайдың тіршілік дүниесі туралы сыр шертеді. Мұражай экспозициясына қорғауға алынған аңдар мен жабайы құстардың тұлыптары, сирек кездесетін өсімдіктердің үлгілері қойылған. Оған қоса, келушілер назарына табиғи минералдар топтамасы ұсынылған.

Осылайша «Визит орталығында» Бурабай аймағындағы туристік бағыт-бағдарлармен танысып, Бурабайдың бай табиғаты мен тарихы жайлы толық ақпарат алатын боласыз. Бұл «Визит орталығы» – еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейінгі барлық қонақтарына ұсынары жетіп артылатын мәдени-тынығу орны.

Қалай жетуге болады?

Нұр-Сұлтан қаласынан Бурабай курортына дейінгі арақашықтық 255 шақырымды құрайды. Елорданың төрінен Бурабайға пойызбен, автобуспен, таксимен немесе өзіңіздің жеке көлігіңізбен жете аласыз.

Орналасу және тамақтану

Қысы-жазы келушілерін кереметімен қуантатын Бурабайға жылдың қай мезгілінде келсеңіз де, тамақтану мен орналасу жағынан еш қиындық туындамасы анық. Мамырдың ортасынан қазанның аяғына дейінгі аралықта жол-жөнекей кездесер кафелер мен мейрамханалардың барлығы ашық болса, қыс пен күз айларында олардың саны біразға кемиді.

Саяхатыңыз ойдағыдай, еш алаңсыз өту үшін орналаспақ жеріңізден алдын ала орын брондап қойғаныңыз жөн.