menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ежелгі қала

Сарайшық қалашығы

Сарайшық - елімізідің өткені жайлы сыр шертетін баға жетпес ұлттық мұрамыз

Жататын уақыт

Жататын уақыт

2 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Атырау облысы

Сарайшық қалашығы

Сарайшық - елімізідің өткені жайлы сыр шертетін баға жетпес ұлттық мұрамыз

Сарайшық қалашығы Қазақстан аумағындағы тарихы сан мыңжылдыққа жалғасқан ең көне ескерткіштердің бірі болып табылады. Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлерінде негізгі керуен жолдары Сарайшық бойымен өткендіктен қала маңызды сауда орталығы ретінде белгілі болған. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында осы аймақтан алтын ою-өрнектермен безендірілген қыш-құмыралардың көптеген үлгілері табылған. 1999 жылы құрамында мұражай, мешіт, хан мазарларын біріктірген "Хан ордасы" мемориалды кешенінің негізі қаланды. Мұражайға зерттеу жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер сақталған. 

Бүгінде Сарайшық қаласы - халқымыздың ата-баба рухына деген тағзым мен құрмет нышаны, Қазақстан Республикасының ұлы тарихи мұрасы.