Көлсай көлдері
Көл

Көлсай көлдері

Солтүстік Тянь-Шань тауларының асыл алқасындай болған Көлсай көлдері – Алматы облысындағы ең танымал туристік орындардың бірі.
Time left

Time to visit

1 күн

Time left

Visit cost

Time left

Location

Алматы облысы

Көлсай көлдері

Солтүстік Тянь-Шань тауларының асыл алқасындай болған Көлсай көлдері – Алматы облысындағы ең танымал туристік орындардың бірі.

Көлсай көлдерінің сансыз құпиясын ашар алғашқы «кілт» айдындардың атауында жасырылған, тіпті айқын көрсетілген десек те болады. Асқар таулардың бауырайындағы сайларда орын тапқан әсем көлдер Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағы аумағына кіреді.

Көлсай көлдері шексіз көк аспанның алып айнасы іспеттес. Көлдер жүйесі Жоғарғы, Орта, Төменгі Көлсай көлдерін біріктіреді. Үшеуінің әрбірінде өзіне тән тылсым сыры, сипаттауға келмейтін, сөз жетпес сұлулығы бар. Сол тамашаның барлығын таныту мақсатында көлдерге апаратын түрлі жаяу жорықтар, атты экскурсиялар және серуендер жиі ұйымдастырылады.

Көлсай көлдері жайлы бейнебаян


2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Бірінші Көлсайға Алматы қаласынан Саты ауылына дейін 285 шақырым, Сатыдан көлдің өзіне дейін тағы 10 шақырым жүріп өтіп жете аласыз. Бағдар басынан соңына дейін жақсы-жаманы алмасып жатқан тас жолмен өтеді. Саты ауылынан шыға берістегі жол торабында жоғарыға және негізгі жолмен солға қарай бағытталатын боласыз. Келесі кезігер торапта «Көлсай көлдері» ұлттық саябағының экологиялық бекетіне дейін тура жүре беруіңіз керек. Бірінші көлге еш қиындықсыз көлікпен жетуге болады. Әрмен қарай, екінші және үшінші көлге көтерілгіңіз келсе, таудың денсаулығыңыз бен дайындығыңызға қояр талаптарын естен шығармаңыз. Көлдер ретіне сәйкес теңіз деңгейінен 1700 метр, 2250 метр, 2700 метр биіктікте орналасқан.

Орналасу және тамақтану

Саты ауылындағы қазақы үйлердің біріне мейман болып жатсаңыз, ұлттық дастарханның төріне жайғасып, қазақ тұрмыс-тіршілігіне бойлап, нағыз қонақжайлылықтың сыр-сипатымен танысасыз. Тек орналасу орындарына туристік фирмалар арқылы алдын ала тапсырыс бергеніңіз жөн. Әдетте жылы маусымдарда келуші саны бос орындарының мөлшерінен артылмаса кем түспесі белгілі. Сондықтан келісімсіз келген жағдайда тұрақтар үй-жайдың болмай қалуы да ғажап емес. Тамақтану қонақ күтер үйлердің негізінде ұйымдастырылады. Жеке тұрған дәмхана жоқ.

Өркениет жайлылығынан алшақтағыңыз келмесе, бірінші Көлсай көлінің маңындағы үйреншікті қонақ үйлердің біріне тоқтай аласыз. Ал табиғатпен етене жақындасуға ниетті болсаңыз, шатыр құрып түнеуіңізге де болады. Соңғы жағдайда азық-түлікті Алматыдан әкеліп алуға кеңес береміз.

Саяхатыңызды барынша ойластырып алуыңыз үшін «Көлсай көлдері» ұлттық саябағы аумағында іске асатын қызметтер төлемі жайлы ақпаратпен танысып өтуді естен шығармаңыз.

Көлсайға жасаған сапар барысында Алатаудың тағы бір інжуі саналатын Қайыңды көліне де барып қайтуыңызға болады.

Шетелдік қонақтар үшін:

Жекелеген тәртіптік шектеулер тоқтатылатын шекаралық аймақта орналасқан Көлсай және Қайыңды көлдеріне бару үшін арнайы рұқсаттаманың қажеті жоқ.

Десек те, азаматтығына қарамастан, әр келушіден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions