menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Тау / жартас

Хан Тәңірі шыңы

Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Хан Тәңірі шыңы

Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі

Хан Тәңірі - Қазақстанның ең биік шыңы. Атауы "аспан әміршісі" тіркесімен сабақтасып жатыр.  Тянь-Шань тау жүйесіне тиесілі шың Қазақстан, Қырғызстан, Қытай мемлекеттерінің тоғысында орналасқан. Бүгінгі таңда  қауіпті тік құздар мен осал тау иірімдерімен өтетін жолды еңсеру керектігін біле тұра, Хан Тәңірінің ұшар басына жетуге ниетті ержүрек жандар айтарлықтай көп. 

Тау етегінде негізгі туристік лагерь құрылған. Мұнда жаңадан келген альпинистерге таулы аймаққа тезірек үйренісіп, жергілікті жерді бағдарлауды меңгеруінде көмек көрсетіледі, бірнеше күрделілік деңгейіндегі бағдарлар ұсынылып, гидтер мен құтқарушылар қызметі іске асырылады. Хан Тәңірің ең жоғарғы нүктесінде тау алыбына көтерілген альпинистердің қысқа-нұсқа жазылған жолдаулары жиналған капсула бар.

Бүгінгі таңда  Тянь-Шань таулары мен Хан Тәңірі шыңына түрлі жорықтар ұйымдастыратын туристік кәсіпорындар жетерлік.