menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ұлттық саябақ / табиғи қорық

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Саябақ аумағында жер бедерінің шөлді алқаптардан тау сілемдеріне дейінгі сан түрлі көріністері кездеседі

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Саябақ аумағында жер бедерінің шөлді алқаптардан тау сілемдеріне дейінгі сан түрлі көріністері кездеседі

Алматы облысында орналасқан Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы еліміздегі қорғауға алынған ең ірі аймақтардың қатарында саналады. Саябақ бедерінің алуандылығымен ерекшеленетін 500 мың гектар жерді алып жатыр. Соның нәтижесінде Алтынемел аймағында өсімдіктер мен жануарлардың өте көп түрі өзара үйлесімділікте тіршілік етуде. 
Саябақ құрамында аздаған самал жел соқса "әндетіп" сала беретін Айғай құм, сақ қорғандары табылған "Бесшатыр" кешені, таңғажайып көріністері үшін "ай бейнелі" аталып кеткен борлы Ақтау таулары сияқты, өзге өлкеде кездеспейтін, мәдени-тарихи ескерткіштер жетерлік. 

Алтынемел ұлттық саябағы - қазақстандықтар үшін ерекше құндылыққа ие мұра болса, шетелдік саяхатшылар үшін сыр-құпияға толы "сандықтай" көрінеді.