Қайыңды көлі
Көл

Қайыңды көлі

Түпсіз тұңғиығына сансыз жұмбақ сақтаған Қайыңды көлі - уайымды ұмыттырып, жанды жадыратар көркемдікке ие
Time left

Time to visit

3 сағат

Time left

Visit cost

Time left

Location

Алматы облысы

Қайыңды көлі

Түпсіз тұңғиығына сансыз жұмбақ сақтаған Қайыңды көлі - уайымды ұмыттырып, жанды жадыратар көркемдікке ие

Алматы облысы әсемдігімен сананы арбап, жанды баурап алар табиғатымен танылған. Осы әсемдіктің бір құпиясы Қайыңды көлінің айдынында жасырылғандай. Атауы қайыңның көптігін танытқанымен, шын мәнінде көл биік-биік қарағайлардың табиғи қоршауына алынған. Қайыңдарды көлден 2 шақырымдық жерден табуға болады. "Көлсай көлдері" алқасының бас жақұтына айналған Қайыңдының негізгі ерекшелігі - айдынның қақ ортасынан орын тапқан көне шыршалардың діңдерінде жатыр. Қызығы, салқын тау суының құрсауында қалған шыршалардың төменгі бөлігіне жел мен күннің әсері тимей, ағаш діңдері таңқаларлықтай жақсы сақталған екен.

Алматы облысы аймағында ылғалды әрі ыстық ауа райы қалыптасқанымен, Қайыңдының маңы қашанда салқын. Сол себепті саяхатқа аттанардан бұрын жылы киімдеріңізді қамдап қойған жөн.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions