menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Шөл

Сенек құмы

Сенек құмы – Үстірт шыңдарының арасында жайғасқан алтын алқап

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Манғыстау облысы

Сенек құмы

Сенек құмы – Үстірт шыңдарының арасында жайғасқан алтын алқап

Ойға Маңғыстаудың киелі жері оралып, еске Үстірттің көріністері түскенде көз алдымызда ақ алқаптар, сор мен тақырлар, борлы тау-төбелер тізіле кетеді. Мұндағы алтын құмды алып дөңдердің де алар орны ерек. Жеке жатқан құмның алар аумағы бірнеше шақырымды қамтыса, дара тұрған шағылдардың биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Соның ішіндегі ең танымалы – Сенек ауылының маңында орналасып, ауылдың атымен аталған Сенек құмы. Бұл құмның өз құпия қатері бар: жыл сайын жылжып, жақын жатқан елді мекендердің жерін «жұтпақ» Сенек, ел арасында «көшпелі құм» ретінде белгілі. Мемлекет тарапынан құмның тегеурініне тоқтау болар түрлі шаралар жүргізілуде: құмның көшуіне кедергі болар өсімдіктер егіліп, арнайы тосқауылдар орнатылуда. Жергілікті халықтың «жарасына» айналған Сенек жат жерлік жиһанкездер үшін аса тартымды нысандардың бірі. Бір қарасаң алтын құм, екі бұрылсаң борлы күміс шыңмен алмасып, бір шетінде жасыл желек жайқалып, шөл кемесі саналатын түйелердің бір тобы осы аталғанды кезіп жүргенін көруден бұрын, айтудың өзі қызық.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Боқтыға жергілікті гидті жолсерік етіп, жол талғамайтын көлікпен өз бетіңізбен жетуіңізге болады немесе туристік агенттік қызметіне жүгініп, топ құрамында сапарлай аласыз. Сенек құмы жергілікті саяхат бағдарларында өте жиі кездеседі. Неге десеңіз, құмнан 20 шақырым жерде бірегей Боқты тауы орналасқан. Боқтыдан ары қарай атағы аспандап тұрған Бозжыра шатқалына дейін де алыс емес.

Сенек кұмы Ақтау қаласынан шамамен 200 шақырым қашықта орналасқан. Бастапқыда Жаңаөзен қаласына бағыт аласыз (Ақтау мен Жаңаөзен арақашықтығы 152 шақырымға тең). Ары қарай 20 шақырым жүріп, Қызылсай ауылына жетуіңіз керек. Мұндағы жолайырықта оң жаққа, Сенек ауылына қарай бұрыласыз да тағы 20 шақырым жүресіз. Биіктігі 25-30 метрге жететін құм шағылдарды елді мекенге кіреберіс жерден табасыз. Алып шағылдар алыстан-ақ байқалады.

Орналасу және тамақтану

Бар ас-су, керек-жарақты Ақтау не Жаңаөзен қалаларында түгелдеп алған жөн. Саяхат барысында өз-өзіңізді баспана болар шатырдан бастап суға дейін барлық қажеттімен толық қамтамасыз етуге дайын болыңыз!