menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ұлттық саябақ / табиғи қорық

Аустриялық жол

1914-1916 жылдары салынған аустриялық жол - Шығыс Қазақстан облысында орналасқан ерекше тарихи ескерткіш, ерен еңбектің жемісі болған көне сүрлеу.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Шығыс Қазақстан облысы

Аустриялық жол

1914-1916 жылдары салынған аустриялық жол - Шығыс Қазақстан облысында орналасқан ерекше тарихи ескерткіш, ерен еңбектің жемісі болған көне сүрлеу.

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай және Күршім аудандарын байланыстыратын аустриялық жолды Бірінші Дүниежүзілік соғыс уақытында, аустриялық және чехиялық әскери тұтқындар салған болатын. Негізгі мақсат – Қытаймен арадағы шекараны нығайту болған. Құс ұшар биіктікте тау қопарып, тас қашап, жалаң қолмен соқпақ салған жандардың қажырлы еңбегі жол атауынан көрініс тапты: тұтқындардың бір бөлігінің ұлтына қарай, жол «Аустриялық» аталып кеткен. Бір ғасырлық тарихы бар жолдың бүгінде тозығы жеткен. Дегенмен теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте, Алтайдың арасында жатқан жол ғажап көріністердің желісін көз алдыңызға келтіреді.

Аустриялық жол Алтайдың асыл айдыны – Марқакөлге жақын маңнан өтеді. Асулардың бірінен мәңгі қар басып, мұз жастанған маңғаз Мұзтауды көре аласыз.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Жалпы ұзындығы 60 шақырымды құрайтын аустриялық жолмен жүріп өту – Алтайдың кереметін тамашалаудың жақсы мүмкіндігі ғана емес, тыңғылықты дайындықты талап ететін күрделі саяхат. Бұл сапарға автоэкспедиция құрамында шығу аса ұтымды. Жеке саяхаттамақ ойыңыз болса, көлік ретінде таңдаған темір тұлпарды жақсылап жөндеп, жасақтап қоюыңыз керек. Жол екі ауданды байланыстырып тұрғандықтан, саяхатыңызды не Катонқарағайдан, не Күршімнен бастауыңызға болады. Төменде Күршім жақтан басталар бағдар жайлы баяндаймыз.

Сонымен, біріншіден, облыс орталығы – Өскемен қаласынан Самар ауылына дейін, тасжолмен 150 шақырым жүресіз. Әрмен қарай Күршім өткелімен Бұқтырманың арғы бетіне өтіп, тасжолмен Күршімнің өзіне жетесіз. Бұл арада тас жол аяқталады. Тағы 180 шақырымды артқа қалдырғаннан кейін, жетер жеріңіз – Теректі ауылы. Күршімдегі сияқты, Теректіде де жанармай құю бекеті мен шағын дүкендер бар. Теректіден Марқакөлдің жағасында орналасқан Ұраңқай ауылына жол тартасыз. Ұраңқай ауылынан сол жол бойымен жүре бересіз. Бастысы 11 шақырым өткен соң, оңға бұрылуды естен шығармаңыз. Бірер шақырым жүргеннен кейін, жол Алтай асуына көтеріле бастайды. Жаңбырлы күні қауіп-қатер еселе түсітіндіктен, қозғалысты жалғастырмаған жөн. Асудан Қарақаба өзенінің аңғарына қарай түсесіз. Осы тұста жолыңыздағы алғашқы көпір шығады. Жалпы 4 көпірден өтесіз. Кей жерлерде тау өзендерін көпірсіз кешуге тура келеді. Ендігіде Бұрқат асуы басталады. Асудан түсерде қайтадан бұралаң тау жолдары мен құлама еңістермен жүретін боласыз. Жол сізді Бұқтырма өзенінің аңғарына жеткізеді. Бұл жерден екі бағыттың бірін таңдайсыз. Оң айырықпен жүрсеңіз, Өрел ауылы арқылы Рахман көлі мен Қаракөлге жетесіз. Сол айырықпен жүрсеңіз, Бұқтырма арқылы Өскеменге төте жол ашылады.

Орналасу және тамақтану

Керек-жарақ, сусын-тамақтың барлығын ірі елді мекендерде толықтырып, түгендеп алуыңыз қажет. Жол бойында тек өзіңіз құратын шатырда түнеуге мүмкіндік болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдар толықтай өз қажеттілігіңізді өзіңіз өтей алатын дайындықты талап етеді.