menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Көл

Алакөл көлінің жағалауы

Алакөл – Балқаш-Алакөл ойпатында үлкен аумақты алып жатқан ғажайып көл.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Келіп-кету құны: қонақ үйлерде тәулігіне орташа баға – 6000 теңгеден басталады және шомылу маусымдарында 3000-5000 теңгеге артады.

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Алакөл көлінің жағалауы

Алакөл – Балқаш-Алакөл ойпатында үлкен аумақты алып жатқан ғажайып көл.

Алакөл – бұл, Балқаш-Алакөл ойпатында үлкен аумақты алып жатқан ғажайып көл. Оның орыс тіліне аударылған атауы «түрлі-түсті көл» дегенді білдіреді, өйткені су бетінің айдыны ауа райының кез-келген көңіл-күйін бейнелейді, ал көлді қоректендіретін жер асты көздері көкшіл және көк түстердің құлпырымдарын арттырады.

Ұзақ уақыт бойы бұл тегіс жанартаулық жұмыр тастарынан болған қара жағажайлы көл емдеу қасиеттерімен танымал. Мұнда жыл сайын мыңдаған туристер демалуға және Алакөлдің емдік суына шомылу үшін сапарға шығадыі (оның құрамында ондаған жоғары сапалы табиғи тұздар бар). Оның маңайындағы климат өте жұмсақ және ыстық емес, сергіткіш ауа тазалығы байсалдануға, тыныштық сезімге бөленуге және күш жинап алуға көмектеседі. Көлдің қасында әр талғамға әрі бюджетке сай көптеген қонақ үйлер мен демалыс базалары бар, онда сіз бүкіл отбасыңызбен жайлы орналаса аласыз.

Шомылу маусымының үздік уақыттары – шілде және тамыз айлары деп есептеледі: бұл мезгілдері мұндағы су мен ауа температурасы өте қолайлы. Өте әдемі Алакөл көлі және оның жағалау аймақтары кез-келген адамды керемет пейзаждарымен (әсіресе күннің батыс аясында), емдік қасиеттерімен, тыныштық атмосферасымен қуантады.