menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Тау / жартас

Ақжар борлы таулары

Ақжар – Сарыарқаның шексіз жазығында бой түзеген көрінісі қанық, сыйлар әсері жарқын таулы өңір.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Қарағанды облысы

Ақжар борлы таулары

Ақжар – Сарыарқаның шексіз жазығында бой түзеген көрінісі қанық, сыйлар әсері жарқын таулы өңір.

Сарыарқа, немесе Қазақтың ұсақ шоқысы – Қазақстанның орталығындағы, айтарлықтай шөгіп, үгілуге ұшыраған ежелгі таулы аймақ. Қазақтың ұсақ шоқысының қалыптасуына жел мен тау жыныстарының түзілу бағыты сияқты құбылыстардың әсері басым болды. Бұл өңірде адырлар мен қыраттар, ұсақ шоқылар, құрылымы мен бедері түрлі сипаттағы қазаншұңқырлар, үлкенді-кішілі ойпаттар жиі кездеседі. Кей жерлерде тау қалдықтары жатық төбелі жазықтарға ұласып жатыр. Сарыарқаның шығысында ең биік деген Қызыларай (шыңы Ақсораң – 1565 метр) және Қарқаралы (1403 метр) таулары орын тапқан. Ал сөз болып отырған қызыл-сары Ақжар оңтүстік-батыс бөлікте жайғасқан.

Бұл аласа шоқылар ұлан-ғайыр даланың төріне түсіп, ғасырлар бойы қызуы қайтпаған алып шоқ секілденеді. Қызыл мен сарының қанық реңдерін қабылдаған таулар сазды топырақ пен гипстің қосындысынан түзілген. Тылсым көріністерінен бөлек, бұл өңірдің тіршілігі де тым тартымды. Тау-тастың арасындағы кішігірім үңгірлерде көк тағысы танылған жыртқыш құстардың ұяларын байқауға болады.

Ақжар таулары – адам баласының назарына әбден лайық ерекше нысан. Десек те, Сарыарқаның бар асылын бір сапардың желісіне тізіп, Ұлы даланың кереметін толықтай тануға кеңес береміз. Жол бойымен ұлт ұясы – Ұлытау, Теректі Әулие шатқалы, Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл кесенелері және басқа да тарих пен табиғат ескерткіштерін аралап шығуыңызға болады.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Бұл өңірге автоэкспедициялық топ құрамына қосылып немесе жергілікті гидті жолсерік етіп саяхаттаған дұрыс. Бағытыңызды GPS координатарына сүйене отырып бағдарлай алатындай мүмкіндік болғаны жақсы.

Ақжар тауларына бастар сапардың бастапқы нүктесі ретінде Қарағанды облысының Сарлық және Қорғасын ауылдарын атай аламыз.

Сарлық ауылынан басталар 72 шақырымдық жол шамамен 2 сағат уақытыңызды алады. Ауылдан батыс бағытта шығып, 13 шақырым артта қалғанда солтүстік-батысқа, кейін Сарыторғай өзеніне жеткенге дейін тура солтүстікке қарай жүресіз. Сарыторғайдың сол жағасымен өткелге дейін жетіп, өткелден өткеннен соң Ақжар тауына дейін солтүстік-шығысқа қарай тағы 4 шақырым жүріп өтуіңіз керек. Сарлық пен Ұлытаудың арасында (36 шақырым) күнделікті көлік қатынасы жоқ.

Қорғасын ауылы – Шеңбер ауылдық округінің орталығы болып табылады. Ауыл Ұлытау аймағының солтүстік бөлігіндегі ең ірі елді мекендердің қатарына кіреді. Бұл – Қараторғай өзенінің аңғарымен, Тамды және Сарыторғай өзендерінің бойымен Ақжардың өзіне жеткізер жақсы бағдар. Күнделікті көлік қатынасы мұнда да жоқ. Ұлытаудан Қорғасынға дейін (90 шақырым) өздігіңізден жетуіңізге болады.

Орналасу және тамақтану

Сарлық ауылы (екінші атауы – Амангелді) – Қарағанды облысы Амангелді ауылдық округінің әкімшілік орталығы. Ұлытау ауылынан 36 шақырым қашықтықта орналасқан. Жанармай құю бекеттері салынбаған. Есесіне екі кішігірім дүкен және туристерге арналған бірнеше қонақ қабылдайтын үй бар.

Қорғасын ауылында да бірнеше дүкен және арнайы жасалған тұщы сулы құдық таба аласыз. Тамақтанып, түнеуге болатын орындар және ЖҚБ жоқ.

Сонымен, сапарға шығарда барлық керек-жарақты алдын ала жинап, шатыр тігіп түнеуге дайын болғаныңыз жөн. Болмаса Ұлытау сияқты ірі елді мекендерге қайтуыңызға тура келеді.