menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Көл

Индер көлі

Индер көлінің ақ айдыны көз алдыңызға ғажап көріністерді келтіреді. Айнадай жарқыраған әсем көл – фотосессия үшін таптырмас орын.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

2 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Атырау облысы

Индер көлі

Индер көлінің ақ айдыны көз алдыңызға ғажап көріністерді келтіреді. Айнадай жарқыраған әсем көл – фотосессия үшін таптырмас орын.

Индер – Атырау облысындағы ең ірі көл. Атырау қаласынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан ағынсыз, суы тұзды айдынды жергілікті халық «Тұздыкөл» атап кеткен. Көлдің ауданы 110 шаршы шақырым, шамалы созылыңқы келген дөңгелек пішінді. Айдын негізінен жерасты тұзды қайнарлармен қоректеніп, көктем кезінде еріген қар және жаңбыр суымен толысады. Жыл сайын жаздың ортасындағы шілденің аптап ыстығында, өңір тұрғындары мен қонақтары міндетті түрде осынау «дала дәрігерінің» емін қабылдап, мұндағы шипалы су мен балшықтың көмегімен көптеген тері ауруларына дауа табады. Осы орайда, мамандар балшық ванналарын 20 минуттан артық қабылдамауға кеңес беретінін ескергеніңіз жөн. Су жағадан тым алшақ, жеткен күннің өзінде таяз болғандықтан, қалай алсақ та, еркіңізше шомылуға келмейді. Әйтсе де, бұл Индерге жол бастаған саяхатшылар үшін қапа боларлық жайт емес. Себебі олардың басты мұраты – жиегі тұзды кристалдармен көмкерілген «күміс айнаның» көркемдігін суреттері арқылы сақтап қалып, сол тамашаны көпке таныту. Кереметке жаны жақын жиһанкездердің фотоесептерінде Индердің аясында жасалған суреттердің орны бөлек.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Көлге өздігіңізден (180 шақырым – тас жол, 20 шақырым – топырақты жол) немесе жергілікті кәсіпкерлер ұсынатын емдік турларға қатыса отырып жетуіңізге болады.

Орналасу және тамақтану

Индер көліне жасар саяхатыңызды жексенбілік турдың ауқымына сыйдырғыңыз келсе, бастапқы нүкте ретінде Атыраудан жолға шығып, демалысыңыздан кейін қалаға қайтып оралсаңыз болады. Ал көлге жақын маңда қалып, еміңізді біршама ұзартуды қаласаңыз, көлден 16 шақырым жерде орналасқан Индер елді мекеніндегі қонақ үйлердің біріне орналасқан жөн. Бұл өңірдің тарихына деген қызығушылығыңызды қанағаттандырамын десеңіз, жергілікті өлкетану мұражайының есігі қашанда айқара ашық.