menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Көл

Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі – Іле Алатауының сілемдерінде орын тапқан бірегей сұлулыққа ие су айдыны.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі – Іле Алатауының сілемдерінде орын тапқан бірегей сұлулыққа ие су айдыны.

БАО! Үлкен Алматы көлінің ел арасында кең таралған осы бір атауын естігенде (орыс тіліндегі атауы - Большое Алматинское озеро дегеннен шыққан), әр алматылықтың жанын жылулық баурап, ойына осы орынмен байланысты жарқын естеліктер оралып, БАО-ның кереметін аңсаған сағыныш сезімі қайта оянады. Алатаудың осынау жауһарын Алматыдан 15 шақырым жерден таба аласыз. Жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған тектоникалық көлдің тереңдігі 30-40 метр, жағалық жиегінің ұзындығы 3 шақырымды құрайды.

Бөгеттің бойынан Іле Алатауының негізгі үш асқары: Кеңестер, Озерный және Турист шыңдарына ғажап көрініс ашылады. Көлдің түсі жыл мезгілі, күн мен түн уақыты, ауа райының құбылуына тәуелді. Шуақты күндері көгілдір түске боялып, көрген көздің жауын алар айдын, бұлтты күндері бейне тұнжырағандай, қарасұр рең қабылдайды.

Үлкен Алматы көлі – алып шаһарды сумен қамтамасыз етіп отырған басты тұщы су көзі болғандықтан, көл жағасына баруға тыйым салынған. Дегенмен, саяхатшылар үшін арнайы шолу алаңдары мен көлік тұрақтары ұйымдастырылған.

БАО маңының тағы бір кереметі – имектұмсық. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі орнитологтар мен бёрдвотчерлер осы отырықшы құстың тіршілігін бақылау үшін айтарлықтай ұзақ жолды еңсеруден еш тартынбайды. Көлдің малтатасты жиегінде орнатылған көру дүрбілерінің көмегімен имектұмсықтарды жақыннан тамашалауға керемет мүмкіндік бар.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Көлге апарар тас жол аса жайлы. Таксиге жеке тапсырыс беруге немесе турагенттіктердің қызметіне жүгініп, шағын автобустармен жетуге болады. Соңғысы үнемдірек боларын айта кетуіміз керек. Жексенбілік жорық ретіндеІле Алатауы ұлттық саябағының экопостынан көл жағасына дейін жаяу серуендеп келсеңіз тіпті керемет. Алматы қаласынан экопостыға дейін №28 бағдардағы автобус қатынайды. Автобусқа Тұңғыш Президент саябағы жанындағы аялдамадан мінген дұрыс. Экопостыға келген бетте азын-аулақ төлем жасауыңыз керек. Бұл жерден Үлкен Алматы көліне жеткізер тас жолдың ұзындығы 15 шақырым. Аталған қашықтықты қысқартқыңыз келсе, айырықтардың бірінде, көлік жолынан қалаға су тасымалдайтын құбырға қарай бұрылып кетсеңіз болады.

Орналасу және тамақтану

Үлкен Алматы көлі қалаға жақын болғандықтан, тамақтану және қонақ үйге орналасу жөнінде ешқандай мәселе туындамайды. Экопостының арғы бетінде, саябақ аумағында да көптеген кафелер, шағын мейманханалар мен киіз үй қалашықтары қызмет көрсетеді.

Шетелдік қонақтардың назарына

Үлкен Алматы көлі шекараға шектес аймақта орналасқандығына қарамастан, мұнда келу үшін арнайы рұқсатнамалар талап етілмейді. Себебі көл жекелеген режимдік шектеулер тоқтатылатын арнайы аймақтардың тізіміне енгізілген.