Жебеуші Христос шіркеуі
Шіркеу

Жебеуші Христос шіркеуі

Оралдықтар Жебеуші Христос шіркеуін "Алтын шіркеу" деп дәріптейді.
Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Орал

Жебеуші Христос шіркеуі

Оралдықтар Жебеуші Христос шіркеуін "Алтын шіркеу" деп дәріптейді.

 Храмның негізі 1891 жылы Шығыстан Петерборға қайтып бара жатқан тақ мұрагері, болашақ патша - ІІ Николайдың қатысуымен  қаланып, петерборлық сәулетші В.Н.Чагиннің жобасы бойынша салынды. Құрылыс 16 жылға созылып, 1907 жылы ғана халық игілігіне тапсырылған. Кеңес дәуірінде храм ғимаратында атеизм мұражайы орналастырылып, бір күмбезінің астында планетарий ұйымдастырылды. 1990 жылдың қарашасында жалпыұлттық митингтің талаптары қанағаттандырылып, храм Орыс православ шіркеуінің қарауына қайтарылады. Қайырымдылық есебінен жиналған қаражат ғимараттың жабдықталуына жұмсалып, храм өзінің бастапқы - шіркеу қалпына келтіріліп, қайта діни құлшылық орнына айналды. 

Шіркеудің төбе-қабырғаларын әшекейлеп, безендірумен украин икона жазушысы А.Мензак айналысты.

1995 жылдың қазан айында шіркеуге Мәскеуде жасалған Святослав атаулы үлкен қоңырау орнатылды. Бұл бастама кәсіпкер Валерий Сурковтың демеушілігімен іске асқан болатын. Қала тұрғындары Жебеуші Христос шіркеуін "Алтын шіркеу" деп атап, ерекше дәріптейді.

Бүгінде шіркеу қарамағында Оралдағы ең көне жексенбілік мектеп жұмыс жасайды.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions