menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Шипажай / демалыс аймағы

"Тастау" туристік базасы

"Тастау" туристік базасы Жетісу Алатауының көркем бауырайында, Сандықтас шыңына жақын маңда орналасқан.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

"Тастау" туристік базасы

"Тастау" туристік базасы Жетісу Алатауының көркем бауырайында, Сандықтас шыңына жақын маңда орналасқан.

"Тастау" туристік базасы Жетісу Алатауының көркем табиғат көріністерімен көмкерілген ауданында орналасқан. Әлі күнге дейін, бұл жер көптеген жабайы аңдарға пана болып келеді. База аймағынан радиалды бағдардағы жаяу, автокөлікпен немесе атты экскурсиялар ұйымдастырылады. 

Мұнда өсімдіктердің 600 түрі өніп-өседі. Теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте алма бақтары мен өрік қопалары басталып, жоғарырақ көктеректер тізіліп, 1500 метр биіктікте 2800-2900 метр биіктікке дейін жететін шыршалы орманға ұласады. Одан әрмен альпілік шалғандарға қарай көтерілетін бұталы арша қопасы жайқалады.

Бұл өңір кереметімен тамсандырар жерұйық іспеттес.

Аймақтың қайталанбас табиғи жағдайы - жайлы ауа-райы мен тартымды тау бедері - өсімдіктердің бай түрлілігімен әсемдене түседі. Бәрінен бұрын, мұндағы қарағайлы ормандардың сұлылығы айрықша көзге түседі.