Батан шатқалы
Аңғар / Шатқал

Батан шатқалы

Мұнда шыршалы нудың арасында барқыт мүктен жайылған қалың "кілемді" тамашалай аласыз. Солтүстіктің тік беткейлеріндегі мәңгі тоңды бүркеп жатқан мүк жамылғысының қалыңдығы 60 см-ге дейін жетеді.
Time left

Time to visit

2 сағат

Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Алматы облысы

Батан шатқалы

Мұнда шыршалы нудың арасында барқыт мүктен жайылған қалың "кілемді" тамашалай аласыз. Солтүстіктің тік беткейлеріндегі мәңгі тоңды бүркеп жатқан мүк жамылғысының қалыңдығы 60 см-ге дейін жетеді.

Батан - "туристердің сүйікті демалыс орны" мәртебесін әлдеқашан иеленіп үлгерген.

Түрген шатқалының осынау бөлігінде Тянь-Шаньдағы жалғыз мүкті шыршалы орман - Шынтүрген орналасқан. Табиғат ескерткіші ретінде танылған мүкті орман 90 гектар аумақты алып жатыр.

Мұнда шыршалы нудың арасында барқыт мүктен жайылған қалың "кілемді" тамашалай аласыз. Солтүстіктің тік беткейлеріндегі мәңгі тоңды бүркеп жатқан мүк жамылғысының қалыңдығы 60 см-ге дейін жетеді. Шренк шыршасы көбіне солтүстік беткейлерде өседі.

Керек десеңіз саңырауқұлақ теріп қайтуға болады. Олардың оқжаңбырық, груздь, арыш сияқты түрлері басқасынан жиірек кездеседі.

Add your photo

Choose one or more photo

on map