Темірлік шатқалы
Шатқал

Темірлік шатқалы

Өзен қалыптастырған шатқалдың түбінде жасыл желекке оранған қалың ну жайқалып жатыр.
Time left

Time to visit

1 күн

Time left

Visit cost

Time left

Location

Алматы облысы

Темірлік шатқалы

Өзен қалыптастырған шатқалдың түбінде жасыл желекке оранған қалың ну жайқалып жатыр.

Темірлік шатқалы Шарын шатқалынан небәрі 10 шақырым қашықта орналасқан және 11 шақырым жерді алып жатыр . Ол қатты жартастық жыныстардан құралған, ені 200 метр, тереңдігі шамамен 50 метрге жетеді.

Темірлік өзенінің орта тұсында шатқал ені 1,5 шақырымға, тереңдігі 160 метрге тең. Өзен көркемдігіне көз тоймайтын көк шалғындардың, тізіле өскен қызыл бөріқарақат пен қалың тоғайдың бойымен ағып жатыр. Ары қарай қуатты ағын кішігірім жартасты шатқалмен өтіп, үлкен шатқалға шығады. Одан әріректе осынау ағын миллиондаған жылдар бойы шөгінді жыныстардан құралған терең әрі тар шатқалды қашап жатыр.

Шатқалдың бұл бөлігінің Шарын өзенінің өзге нысандарынан басты артықшылығы - қалың орман мен тораңғы тоғайының болуында. Олар шатқал түбінде ерекше жайлы микроклимат қалыптастырады.

Өзен аңғарының өзі шаған, терек, тал, жиде, шеңгел, бөріқарақат пен жыңғыл ағаштарына бай. Өсімдік әлемінің түрлілігіне қоса, бұл жерді мекендейтін жануарлар саны да аз емес: түлкі, қоян, қарсақ, тауешкі, ақкіс, аққалақ, сусар, қосаяқ және тағысын тағы да. Құстардан үкі, бүркіт, көкжөре, құзғын, жыланшы қыран сияқты түрлерді кездестіруге болады.

Add your photo

Choose one or more photo

on map