Ұзынбұлақ шатқалы
Шатқал

Ұзынбұлақ шатқалы

Шатқалдың талайды тамсандырған басты ерекшелігі - ақ сазды жыныстардан құралуы.
Time left

Time to visit

1 күн

Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Алматы облысы

Ұзынбұлақ шатқалы

Шатқалдың талайды тамсандырған басты ерекшелігі - ақ сазды жыныстардан құралуы.

Ұзынбұлақ шатқалы, немесе Ақ Шатқал Шарын өзенінің маңындағы Қамалдар атырабы шатқалына жақын орналасқан. Шатқалдың талайды тамсандырған басты ерекшелігі - ақ сазды жыныстардан құралуы. Осыған орай, бұл жерді Айлы шатқал деп те атайды.

Бұл аймақ таңқалдырарлықтай көркем көріністерге ие. Шатқалда мөлдір бұлақ ағып жатыр. Биіктігі 30 метрге жететін сазды үңгір мен оның қабырғаларына қашалған 2000 жылдық тарихы бар жазулар да келген саяхатшылардың назарын баурап жүр.

Бұлақтың бойымен(солтүстікке қарай) төмен түсіп, тоғай мен қамыс қаумалап өскен гранитті шатқалдың күлгін-сарғылт құздарын жағалай жүре берсеңіз Шарын өзенінің өзіне де жететін боласыз. 

Кей үйінділердің арасындағы өткел тым тар әрі айтарлықтай ұзын. Шатқал Алматы облысының шөлді аймағында орналасқандықтан, саяхат үшін ең қолайлы уақыт - маусымаралық кезең: мамырдың басы және қыркүйек-қазан айлары.

Шатқалдың бойында су ағысының жаңарақтағы іздері, шайылып кеткен жағалар мен ағаштар жиі кезігетіндіктен, мұнда сел сияқты құбылыстар орнап тұратынын аңғаруға болады.

Add your photo

Choose one or more photo

on map