menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Шипажай / демалыс аймағы

Шонжы арасан сулары

Шонжыдағы арасан су көздерінің химиялық құрамы мен емдік қасиеті ТМД аумағындағы аты әйгілі минералды бұлақтардан артық болмаса, кем түспейді

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы облысы

Шонжы арасан сулары

Шонжыдағы арасан су көздерінің химиялық құрамы мен емдік қасиеті ТМД аумағындағы аты әйгілі минералды бұлақтардан артық болмаса, кем түспейді

Шонжы арасан суларының химиялық құрамы мен емдік қасиеті ТМД-ның атауы әйгілі минералды бұлақтардан артық болмаса, кем түспесі анық

Шонжы ауылы – Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталығы, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекен. Бүгінгі таңда осынау Шонжының шипалы суларынан дауа тапқандардың қатары жыл сайын көбейіп келеді.

Шонжы арасан сулары адам ағзасына пайдалы минералдарға аса бай болғандықтан, емдік қасиеті ерекше. Оған қоса жанартаулық үрдістердің есебінен температурасы 37-50° C-ға дейін көтерілетін судың құрамында, аздаған мөлшерде қолданса айтарлықтай емдік нәтиже беретін, радон бар. Талай дертке дауа болар дарияның суына шомылып, демалу үшін ең ұтымды кезең – жылдың салқын маусымдары: көктем, күз, қыстың бас кезі. Қанша пайдалы десек те, Шонжыға келгендегі саяхатыңыз денсаулығыңызды қалыпқа келтіріп, ем қабылдаумен ғана шектеліп қалады деген ойдан алшақ болыңыз. Мұндағы демалысыңызды Шарын шатқалына барып (шамамен 50 шақырым), жарқын әсерлермен түрлендіре аласыз. «Қамалдар аңғарының» таңғажайып көріністері мен соғды шағаны өсетін тоғайдың тамашасы ешкімді бейжай қалдырмайды.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Шонжыда демалыс орындары жетіп, артылады. Барлығы дерлік Ақсай–Шонжы–Көлжат тасжолының бойында орналасқан. Ең дұрысы – өз талап-тілегіңізге сай келетін демалыс орнын алдын ала таңдап, брондап қою. Брондауды Алматы облысындағы кез келген турагенттік арқылы да, өзіңіз де еш қиындықсыз іске асыра аласыз. Бірқатар демалыс орны өз меймандарын Алматы мен Шонжы аралығындағы көлік қатынасымен қамтамасыз етеді. Сапарыңызды өзіңіз жоспарлаған күннің өзінде Шонжыға жеткізер жол күрделі деуге келмейді. Тасжол теп-тегіс, 250 шақырымды 3,5 сағатта-ақ артта қалдырасыз.

Орналасу және тамақтану

Демалыс орындарының бірін таңдап, орын брондаған сәтіңізде орналасу мен тамақтану мәселесі бірдей шешілді деп есептей беріңіз. Тағы бір айтар кеңесіміз мынадай: Шонжыдан бірнеше күн демалатын болсаңыз, бір ғана демалыс орнында тұрақтамай, бір-екі күн сайын жаңа жерге «көшіп», өз көңіліңізден шығатынын анықтап алыңыз.