Кетпен асуы
Тау /жартас

Кетпен асуы

Белсенді демалысқа әуесқой туристер мен шытырман оқиға іздеуші саяхатшылар Кетпен тауларына жиі келе бермейді. Сол себепті де, аталған таулы аймақ өзінің қайталанбас көркем табиғатын қаймағы бұзылмаған қалпында сақтап келеді.
Time left

Time to visit

1 күн

Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Алматы облысы

Кетпен асуы

Белсенді демалысқа әуесқой туристер мен шытырман оқиға іздеуші саяхатшылар Кетпен тауларына жиі келе бермейді. Сол себепті де, аталған таулы аймақ өзінің қайталанбас көркем табиғатын қаймағы бұзылмаған қалпында сақтап келеді.

Кетпен асуын қоршай альпілік өсімдіктер жайқалып жатыр. Мұздай суық, мөлдір-тұнық бұлақтар адам аяғы жете қоймайтын шатқалдарға жеткенде кішігірім болса да, өте әсем сарқырамаларға айналады. 3300 метр биіктікте соғысқа дейінгі кезеңде әрекет еткен тас көмір кеніші бар. Кетпен тауларындағы ауа-райы да ерекше: жаңбыр қас қағым сәтте аптап ыстықпен алмасып кетуі әбден мүмкін. Тау бөктері түрлі түсті гүлдермен көмкеріліп жатқан жазғы уақытта, көлеңкеде қалған беткейлерде қар жатуы да ғажап емес.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourists routes

Tourist attractions