Баянкөл шатқалы
Аңғар / Шатқал

Баянкөл шатқалы

Жыл өткен сайын Хан Тәңірі шыңын көріп, табиғат аясында бой сергіте демалу үшін Баянкөлге асыққан туристер мен альпинистер қатары артып келеді.
Time left

Time to visit

1 күн

Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Алматы облысы

Баянкөл шатқалы

Жыл өткен сайын Хан Тәңірі шыңын көріп, табиғат аясында бой сергіте демалу үшін Баянкөлге асыққан туристер мен альпинистер қатары артып келеді.

Баянкөл өзені ағып өтетін осынау жасыл желекке оранған шатқалға автокөлікпен Алматы қаласынан 6 сағат ішінде жетуге болады. Әдетте шатқал соңында, құлап жатқан алып тастардың үстімен өзеннің арғы бетіне өтуге болатын тұста, кішігірім шекаралық қызмет бекеті орналасады. Шатқалмен жоғары, оңтүстікке қарай, 3200 метр биіктікте шатқал тарылып, Баянкөл өзені бастау алатын Сарыжаз мұздығының сұр-қоңыр мореналарымен аяқталады. Одан ары басым көпшілігі белгісіз асқар шыңдар(бесеуінің биіктігі 5000 метрден асады): Қазақстан шыңы(5741м), Баянкөл шыңы(5841м), Семенов шыңы(5816м), Қарлытау шыңы(5450м), Пограничник шыңы(5258м) және Тянь-Шаньның таңқалдырарлық шыңдарының бірі - Мәрмәр қабырға шыңы көрінеді. Күн райы ашық кездері алыстан бұл өлкедегі бар шыңнан бөлектеніп тұратын Хан Тәңірінің күміс сұлбасы көз алдыңызға келеді.

Add your photo

Choose one or more photo

on map