"Қылует" этнографиялық мұражайы
Мұражай / Этно-мемориалды кешен

"Қылует" этнографиялық мұражайы

Бұл - әр келген қонағын ерекше ілтипатпен қарсы алып, Қазақстан мәдениеті тарихының мәлім де беймәлім қырларын тануға жол нұсқайтын ерекше орын.
Time left

Time to visit

1 сағат

Time left

Visit cost

500-1000

Time left

Location

Шымкент

"Қылует" этнографиялық мұражайы

Бұл - әр келген қонағын ерекше ілтипатпен қарсы алып, Қазақстан мәдениеті тарихының мәлім де беймәлім қырларын тануға жол нұсқайтын ерекше орын.

Шымкенттегі этнографиялық мұражайды еш әсірелеусіз бірегей мәдениет ошағы дей аламыз. Оған негіз - мұражай экспозициясы мен ғимараты толықтай бір ғана адам - Кендебай Қарабдаловтың қолымен жасалуы. Кендебай Қарабдалов ұлттық мәдениетте мәңгіге сақталған қазақ халқының ежелгі тұрмыс-салтын бейнелейтін саздан жасалған түрлі тұрмыс бұйымдарын, құмыралар мен 10-нан артық музыкалық аспапты қайта жаңғыртқан. Мұражайдың бір бөлігі жер астында орналасқан қылует - жер асты мешіті болып табылады.

Мұнда орнаған тыныштық келушілерге рухани үндестік сыйлап, көп дүниені ой елегінен өткізуге итермелейді. Қонақтар өзін қызықтырған кез келген аспаптың әуенін тыңдап, көзеші ұршығында қыш ыдыс жасаудан шеберлік сабақтарына қатысуларына болады.

on map

Tourist attractions