Time to visit
3 сағат
Visit cost
300-500
Location
Алматы
Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы
Мұнда түрлі дәуірлерден аманат болған бейнелеу өнерінің 25 000 жауһары жиналған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер
мұражайы қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы – Әбілхан Қастеевтың атымен
аталады. Мұражай тарихы 1935 жылы, ҚазАКСР –на арналған көрме өткізу туралы Қаулы шыққан кезден басталады. Мұнда түрлі сипаттағы 25мыңнан астам бейнелеу өнерінің туындылары
ұсынылған, олар Қазақстан, Ресей, Азия және Батыс Еуропа халықтарының мәдени
рухын жеткізеді. Мұражайда белгілі қазақстандық суретшілер мен мүсіншілер: Ә.
Қастеев, Қ. Тельжанов, А. Степанова, Г. Исмаилова, Х. Наурызбаев және есімі
әлемге аян Сергей Калмыковтың 1500 шығармасы сақталған 14 көрме залы бар. Шығармашылық
мәдениет ошағының қазыналы қоры жаңа туындылармен үнемі толығып отырады,
сондықтан мұнда келген сайын сіз өзіңіз үшін бейнелеу өнері әлемінің жаңа және беймәлім, бірақ әрдайым
таңқаларлық қырларын ашасыз.