menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ескерткіш

Тәуелсіздік монументі

Алматы қаласының бас көрнекті орны - Тәуелсіздік монументі

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Алматы

Тәуелсіздік монументі

Алматы қаласының бас көрнекті орны - Тәуелсіздік монументі

Арайлы Алматының бас рәміздерінің бірі - Республика алаңына орнатылған Тәуелсіздік монументі. Ескерткіш арқалаған басты ой - монументтің ұшар басындағы Алтын Адам мүсіні арқылы Қазақстан тарихы мен ұлттық мәдениетіміздің баға жетпес құндылығын айқындау еді.

Тәуелсіздік кешенінің нақ ортасында 28 метрлік стелла(екі биік ғимараттың арасында) қойылған. Оның негізінде Жер-Ана, Көк-Дана және атқа мінген екі баланың мүсіндері бір композицияға біріккен. Мұндағы түпкі мән - "Отан отбасынан басталады" деген мақалға сайып келеді. Стелланың бүйірлерінде  әр келуші еліміздің тарихын баяндайтын жазбалармен таныса алады. 

Жазда Тәуелсіздік монументінің маңындағы субұрқақтар іске қосылып, бұл жер қаланың тыныс-тіршілігін бақылауға арналған керемет алаңға айналады.