Time to visit
2 сағат
Visit cost
Location
Ақмола облысы
Абылай хан алаңы және хан тағы
Қазақ даласының ұлы ханы Абылай ханның ордасы - Бурабайдағы барлық саяхат бағдарларының басты нысаны болып табылады.
Для того чтобы оставить заявку на покупку данной услуги, вы должны быть авторизованы в системе
Қазақ мемлекетілігі қалыптаса бастаған кезеңнің бірегей ескерткіші - "Абылай хан алаңы және хан тағы" табиғаты ерекше аймақта орын тапқан. Бұл жерде ағзаның жасаруына септігін тигізетін белсенді ультракүлгін сәулелердің шоғырлану құбылысы анықталды. Сонымен қоса бұл аймақ көптеген көшпелі тайпалардың аңыз-әпсаналарында да жиі аталады. Олар жайлы көбірек білуге ынталы болсаңыз, жергілікті гидтердің қызықты әңгімелерін ұйып тыңдауға дайындала беріңіз.
"Абылай хан алаңы және хан тағы" сияқты киелі рухани орынға келген уақытыңызда бір мезетте әсем табиғат аясында бой сергітіп, естелікке сақталар әдемі суреттер жасап, Қазақстан тарихы жайлы біліміңізді тереңдете аласыз.