Time to visit
1 сағат
Visit cost
Free
Location
Нұр-Сұлтан
"Нұр-Астана" мешіті
Еліміздегі үлкендігі жөнінен екінші орынды иеленіп тұрған мешіт
"Нұр-Астана" мешіті - ислам сәулеті үлгісіндегі бірегей құрылыс. "Нұр-Астанаға" бір қарағаннан-ақ өзіңізді әдемі шығыс ертегісінің кейіпкеріне айналғандай сезінесіз.
Құрылыс көлемі де көз көргенді таңқалдырмай қоймайды. Мешіттің өлшемдері де белгілі бір мән-мағынаға ие: 40 метрлік күмбезі - Мұхаммед пайғамбарға алғаш рет періште түскендегі жасын; 63 метрлік мұнарасы - оның бұл өмірден өткендегі жасын білдіреді. Мешітте Сауд Арабиясы үкіметінің баспасынан шыққан Құран және Қағбаның жамылғысы - Қисуаның кесіндісі сақтаулы.
"Нұр-Астана" мешіті жас елордамыздың келбетімен керемет үйлесіп, сән-салтанатымен Нұр-Сұлтан қаласына ажар сыйлап тұр.
Add your photo
Choose one or more photo