Мұражай / Этно-мемориалды кешен

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

Еліміздегі ең үлкен мұражай болып табылатын мәдениет пен тарих ордасы - аумағы жөнінен Орталық Азия мұражайлары арасында да көшбасшылар қатарында.
Time left

Time to visit

2 сағат

Time left

Visit cost

300-700

Time left

Location

Нұр-Сұлтан

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

Еліміздегі ең үлкен мұражай болып табылатын мәдениет пен тарих ордасы - аумағы жөнінен Орталық Азия мұражайлары арасында да көшбасшылар қатарында.

Нұр-Сұлтан қаласының бірегей құрылысы - Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы - еліміздің бай тарихы жайлы сыр шертетін баға жетпес асыл мұрамыз. Бүгінгі таңда Орталық Азиядағы ең ірі мұражай ретінде танылған мәдениет пен тарих ордасында аса құнды археолгиялық ескерткіштер мен жәдігерлер жинақталған. Мұражаймен өз бетіңізбен танысар болсаңыз да, танымды серуеніңізге экскурсоводты серік етсеңіз де Қазақстан жайлы біліміңізді тереңдетіп, керемет әсерлерді олжалап қайтарыңыз анық.

Мұражай заманауи мультимедиялық техникамен жабдықталған. Ежелгі және ортағасырлық тарих залы, екі бірдей "Алтын залы", Заманауи өнер және Көрме залдары,  Этнография және Қазақстан залдарын біріктірген Ұлттық мұражай - тарихымыздың тұңғиығына бастар тамаша саяхат мекені.

on map

Tourist attractions