Аквапарк

"Ailand" отбасылық демалыс орталығы

Шолу шеңбері, Мұхитарал, Аквапарк, Джунгли
Time left

Time to visit

12 сағат

Time left

Visit cost

900-6500

Time left

Location

Нұр-Сұлтан

"Ailand" отбасылық демалыс орталығы

Шолу шеңбері, Мұхитарал, Аквапарк, Джунгли

"Ailand"- елорданың басты ойын-сауық орталығы десек, еш жаңылыспаймыз. Себебі, мұнда үлкенді-кішілі әрбір қонақты ұмытылмас әсерлер күтіп тұр. Орталықтың ауқымдылығы көз көргенді бірден таң қалдырары анық. Мұндағы биіктігі 65 метрге тең еліміздегі ең үлкен шолу шеңбері конционерлер мен жылыту жүйесімен жабдықталғандықтан, астананың көркін биіктен тамашалауға ниетті келушілерді жыл бойы қабылдап, қуантып келеді. Орталықтың тағы бір мақтанышы -  әлемдік мұхиттан 3000 шақырым қашықтықта орналасқан мұхитарал. Ол 20 аквариумды біріктіретін 3 көрме залынан тұрады. Оған қоса, Юра кезеңіндегі динозаврлар әлемі жасырылған "Джунгли" театрлық жобасының да сыйлар естеліктері тым жарқын болмақ. Қаладағы ғимарат ішінен салынған ең ірі аквапарк та осы "Ailand"-те. Әдетте, көңіл-көтеремін деушілер іздеген игіліктерін толқынды хауыз бен судағы ойын алаңдарынан тауып жатса, жанын тынықтырып, денін сауықтыруға келгендер қуана-қуана жайлы да заманауи SPA қызметіне жүгінеді.

"Ailand"-тегі алғашқы демалысыңыз - осы орталықта өткізбек арайлы күндеріңіздің ұзақ тізбегінің бастамасы болмақ. Бұл жерге келген сайын, қайтып оралған сәтіңізді асыға күтесіз!

on map