"Мәңгілік ел" салтанат қақпасы
Ескерткіш

"Мәңгілік ел" салтанат қақпасы

"Мәңгілік ел"- Қазақстанның бар жетістіктері мен бағындырған белестерін бейнелейтін тарихи шежіре іспеттес.
Time left

Time to visit

2 сағат

Time left

Visit cost

350 - 500

Time left

Location

Нұр-Сұлтан

"Мәңгілік ел" салтанат қақпасы

"Мәңгілік ел"- Қазақстанның бар жетістіктері мен бағындырған белестерін бейнелейтін тарихи шежіре іспеттес.

Елордамыздағы ең танымал құрылыстардың бірі - "Мәңгілік ел" салтанат қақпасы. Тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерей тойына орай ашылған бұл нысанның мән-маңызы аса зор. Ол тәуелсіз тарихымызды ұлықтайды. Қақпаның жалпы биіктігі 20 метрге тең. Бұл өлшем де кездей соқ шешім емес: әр метр еліміздің егемен, зайырлы мемлекет ретінде өткерген әрбір жылын белгілеп тұр. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары Қазақстан мәдениеті, жас астананың тарихы жайлы білімдерін тереңдетіп, көрме залындағы туындыларды тамашалап,  ғимараттың ішкі-сыртқы көріністерінде бейнеленген әрбір иірім мен ою-өрнектен, әрбір мүсін мен сұлбадан ұлттық болмысымызды тани алады. Құрылыстың ең жоғарғы бөлігінде Нұр-Сұлтан қаласының бар кереметін көз алдыңызға келтіретін шолу алаңы орналасқан. Залдың өзінде орнатылған сенсорлы тақталар арқылы Әлемдегі басқа да салтанат қақпалары туралы ақпарат алып, елордамыздың өткені мен бүгіні жайлы қызықты мәліметтермен танысуға болады. 
"Мәңгілік ел" салтанат қақпасының басты тұжырымдамасы Қазақстанның даму тарихы, ұлттық жетістіктеріміз бен ұстанымдарымызға негізделген. Бұл айтулы орынға келіп, Қазақстан Республикасының заманауи келбетін көре аласыз!

on map

Tourist attractions