menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Жағалау

Астана қаласының орталық жағалауы (Есіл өзені)

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны

Жататын уақыт

Жататын уақыт

3 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Астана

Астана қаласының орталық жағалауы (Есіл өзені)

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны

Есіл өзенінің жағалауы - елордалық жұрттың ең сүйікті демалыс орны десек артық айтпаймыз. Есілдің ерке толқындарына сүйсініп, қаланың мың құбыла жарқыраған көріністеріне тамсанып, музыкалық аспаптарын серік еткен қала дарындарының  әсем әуен, сазды әндерімен құлақ құрышын қандырып, суретшілердің көркем туындыларын тамашалап, керемет серуен құратындарыңыз айдан анық. Жаздың күні катермен шолу экскурсиясына шығып, балдырғандарды түрлі аттракциондарға апарып қуантып жатсаңыз, қыста коньки мен шананы іліп алып, мұз айдынында ұмытылмастай көңіл көтеруге болады. 

Бұл жағалауда мәңгілік қарсылықтағыдай көрінетін жанға сая болар тыныштық пен думанды тіршілік жарасымдылық тапқан. Жалғыз, отбасыңызбен немесе достарыңызбен серуенге шықсаңыз да, мұнда өткізген уақыт сізге бақыт сыйлайтынына күмәніңіз болмасын. Түн жамылғандағы көріністің әсерлілігін айтып жеткізудің өзі қиын: елорданың бар жарқылы Есілдің айнасынан пана тапқандай көрінеді.