menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Ескерткіш

"Қазақ елі" монументі

Еліміздің егемендігін арқау еткен ескерткіш

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Астана

"Қазақ елі" монументі

Еліміздің егемендігін арқау еткен ескерткіш

Тәуелсіздік алаңының қақ ортасында бой түзеген "Қазақ елі" монументі Астана қаласының көрнекті орындары қатарын толықтырғалы ұзақ уақыт өткен жоқ. Бұл - әр қырына Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихындағы елеулі оқиғалар бедерленген ақ мәрмәрдан соғылған төртбұрышты іргетасқа орнатылған ақ мұнара. Еліміз тәуелсіздік алған кез - 1991 жылға сәйкестендірілген құрылыс биіктігі 91 метрге тең. 

"Қазақ  елі" кешені - егемендігіміздігімізбен қатар, тарихымыз бен мәдениетімізді әуелетіп тұр. Ал мұнараның ұшар басына қонған Самұрық құс Қазақстанның үздіксіз өсу мен дамуға деген ұлттық ұмтылысын кейіптейді.