Арыстан баб кесенесі
Кесене

Арыстан баб кесенесі

Арыстан баб - Әзірет Сұлтандай ғұламаның рухани тәлімгері болған ұлы ұстаз
Time left

Time to visit

2 сағат

Time left

Visit cost

Time left

Location

Түркістан облысы

Арыстан баб кесенесі

Арыстан баб - Әзірет Сұлтандай ғұламаның рухани тәлімгері болған ұлы ұстаз

ХІІ ғасырда негізі қаланған Арыстан баб кесенесі - Түркістан өңіріндегі киелі орындардың бірегейі ретінде танылған. Кей аңыздар бойынша, Қожа Ахмет Ясауидің рухани ұстазы болған Арыстан баб, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың аманатын тапсырушы сахабасы болған делінеді. 

Кесененің сыртқы құрылысы әдеттегі мазарлардан өзгеше. Азан шақырылатын мұнаралардың қалыбы бақылау мұнараларына ұқсас келеді. Ғимараттың айтарлықтай ерекшелігі - ислам мәдениеті мен еуропалық сәулеттің сарынын ұштастырған кең қақпасында. Мұнда қабірхана мен мешіт бар. Арыстан баб кесенесінде сақтаулы құнды мұра, әрі ортағасырлық жазу өнерінің теңдессіз нышаны - осында сақтаулы тұрған ежелгі қолжазба Құран. 

Рухани орындардың бар кереметін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мұндағы тылсым күш пен ерекше күйді сезіну керек. Арыстан баб кесенесіне барғандағы жаныңызды нұрландырар ішкі кемелдену сезімі - ұзаққа жадыңызда сақталар әсер сыйлары сөзсіз.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions