menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Кесене

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Сәулет айбындылығы мен рухани кемелділіктің ордасы

Жататын уақыт

Жататын уақыт

2 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Түркістан

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Сәулет айбындылығы мен рухани кемелділіктің ордасы

Исламның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ғұлама, ұлы ақын Қожа Ахмет  Ясауидің құрметіне тұрғызылған осынау көрнекті кесене Түркістан облысында орналасқан. Ел арасында "Кіші Мекке" деп дәріптелетін киелі орын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Биіктігі 39 метрге жететін ғимарат бір бірімен түрлі дәліздер арқылы жалғасып жатқан 35 бөлме: көне жазба деректер сақталған кітапхана, "Қылует" жерасты мешіті, монша, жаңа туған сәбилерге тиісті діни жоралғылар орындалатын шілдехана бөлмелерінен тұрады. "Қазандық" аталатын орталық бөлмеде көнеден келе жатқан киелі жәдігер - Тайқазан орналасқан. Бұрындары жұма намазынан кейін жамағат шөлін бассын деген ниетпен бұл қола қазанға су толтырылып жүрген.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - ғасырлар бойы бар тас-түйіріне сіңірген рухани білімді әр келушісінің санасына дарытпақ қасиетті орын, Қазақстанның ғана емес, күллі Орталық Азияның тарихы мен мәдениетін танытар орда. Кесене сәулет өнерінің салтанаты мен ізгіліктен көрініс тапқан рухани кемелділікті сабақтастырып тұрғандай. Түркістанға жол түскен әр адам міндетті түрде осынау  жұмбаққа толы мекенге ат басын бұрып, түркі даналығының түбірі болған Әзірет Сұлтан кесенесін өз көзімен көруі керек.