menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Үңгір

Машат шатқалындағы Тамшы әулие үңгірі

Машат шатқалындағы тылсым әлемге үңілдірер көп үңгірдің ішінде ең әйгілісі де, ең әсерлісі де – Тамшы әулие үңгірі.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Түркістан облысы

Машат шатқалындағы Тамшы әулие үңгірі

Машат шатқалындағы тылсым әлемге үңілдірер көп үңгірдің ішінде ең әйгілісі де, ең әсерлісі де – Тамшы әулие үңгірі.

Түркістан облысындағы Машат шатқалында көркем көріністі үңгірлер жетерлік. Десек те сол көптің ішінде орны бөлек, атағы асқағы – Тамшы әулие. Өзге де құрылымы мен сипаты ерекше табиғат «туындылары» сияқты, Тамшы әулие үңгірінің де әсемдігін әсерлі аңыз еселеп жатыр. Бұл жерге байланысты халық арасында Машат пен Хасеннің шексіз сезімін арқау еткен аңыз кең тараған. Бала күнінде Өмірзақ атты жасы жеткен байға атастырылған Машат сұлу бой жеткенінде кедейден шыққан Хасенге жолығып, қос жас бір-бірін сүйіп қалады. Дала заңының бұлжымастығын білген Машат, Өмірзаққа жар болып, пәк сезімін қор қылмаққа дәті бармай, құздан құлап, өмірмен қоштасады. Сол сәтте қыршыннан қиылған Машат өзенге, ғашығынан айырылған Хасен жартасқа айналған. Ел аузында жартастан аққан тамшылар қайғырған Хасеннің таусылмас көз жасы деген де теңеу бар.

2020-2021 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Тамшы әулие үңгіріне Шымкенттегі туристік агенттіктер жиі экскурсия ұйымдастырып тұрады. Егер сапарыңызды өзіңіз жоспарламақ болсаңыз, Шымкенттен Түлкібас ауданына қарай бағыт алуыңыз керек. Қаладан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Кершетас ауылына жеткеніңізде елді мекенге кіріп, бірінші Т-қалыпты қиылыста оңға бұрыласыз. Ары қарай тасжолмен шатқалға қарай жүресіз. Бұрындары Машат шатқалы аумағында әрекет еткен пионер лагерлерінің орындарында қазірде демалыс орталықтары қызмет көрсетеді. Тамшы әулие сондай орталықтардың бірінің аумағында қалғандықтан, кіру үшін төлем жасауға тура келеді.

Орналасу және тамақтану

Тамшы әулие үңгірін аралап болғаннан соң, Машат шатқалындағы демалыс орталықтарының бірінде тынығып, тамақтана аласыз. Болмаса, таңдау аясы шектелмеген Шымкентке оралып, өзіңіз қалаған қонақүйге орналасуға мүмкіндігіңіз бар.

Фотограф: Александр Петров