Бәйдібек би монументі
Ескерткіш

Бәйдібек би монументі

Бәйдібек би Қарашаұлы – қазақ халқының ел болып бірігуі жолындағы ерен еңбегімен танылған қайраткер.
Time left

Time to visit

1 сағат

Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Шымкент

Бәйдібек би монументі

Бәйдібек би Қарашаұлы – қазақ халқының ел болып бірігуі жолындағы ерен еңбегімен танылған қайраткер.

1)      Шырайлы Шымкенттің солтүстік бөлігінде «еліміздегі ең биік ескерткіш» мәртебесіне ие еңселі Бәйдібек би ескерткіші орнатылған. Бәйдібек Қарашаұлы елдің бірігуі мен тұтастығын сақтауда үлкен рөл атқарған, әрі қазіргі таңда Қазақстан тарихында аса маңызды орын алған  тұлға ретінде танымал. Зәулім монумент биіктігі 220 метрге, ал мүсін биіктігі 10 метрге тең. Оның төстабанын ескере отырып, бұл мемориалды құрылысты әлемдегі ең биік ескерткіштер қатарына  жатқызуға болады.


Тарихи деректерге сүйенсек, Бәйдібек би қазақ халқы үшін қиын-қыстау кезеңде кез келген дауды шеше алған, ұлттың ұйысуына мұрындық бола білген кемеңгер адам болған. Сондықтан ұлы көсемнің күншығысқа құшағын айқара ашқан мүсіні сол дәуірдегі билердің ашық сипатын және жанының кеңдігін бейнелейді. Бәйдібек би монументі  сәулет өнерінің құнды ескерткіші әрі Қазақстан халқының бірлігі идеясын насихаттайтын, өткен дәуір мен бүгінгі күннің арасындағы рухани сабақтастықты сақтауға деген ұмтылысын айшықтайтын қаланың басты көрікті орындарының бірі болып табылады.

on map

Tourist attractions