Ақтөбе облыстық "Нұр-Ғасыр" орталық мешіті
Мешіт

Ақтөбе облыстық "Нұр-Ғасыр" орталық мешіті

"Нұр-Ғасыр" - діни маңызы мен салтанатты сәулеті үйлесім тапқан рухани орда.
Time left

Visit cost

Free

Time left

Location

Ақтөбе

Ақтөбе облыстық "Нұр-Ғасыр" орталық мешіті

"Нұр-Ғасыр" - діни маңызы мен салтанатты сәулеті үйлесім тапқан рухани орда.

2008 жылы негізі қаланған "Нұр-Ғасыр" мешіті бүгінгі таңда Ақтөбе қаласының орталық мешіті болып табылады. Ислам ордасының ашылу салтанатына Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің өкілдері қатысқан болатын. Құрылыс қала тұрғындарының 4 жыл бойы жалғасқан қайырымдылығы нәтижесінде жиналған қаражаты есебінен жүрді. "Нұр-Ғасыр" мешітінің жобасын әйгілі сәулетші Әнуар Саттаров әзірлеген. Мешіт шаршы пішінінде салынып, бұрыштарында 63 метрлік мұнаралар тұрғызылған. Ғимараттың орта тұсында алтын түстес 40 метрлік күмбез орнатылған. Мешітте бір мезгілде 3000 мың адамды сыйдыра алатын  кең зал бар. 500 адамға есептелген "Әйелдер залы"  Бас күмбезді залдың үстінде 2-ші қабатта орналасқан.

"Нұр-Ғасыр" - Ақтөбе қаласының негізгі көрнекті орындарының бірі. Мұнда келген әр адам жанына медеу болар тыныштық пен жұбаныш табары анық.

Add your photo

Choose one or more photo

on map

Tourist attractions