menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Кесене

Қарасай және Ағынтай батыр кесенесі

Ағынтай және Қарасай батырлардың басына тұрғызылған кесене – еліміздегі аса көрнекті тарихи ескерткіш.

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы

Қарасай және Ағынтай батыр кесенесі

Ағынтай және Қарасай батырлардың басына тұрғызылған кесене – еліміздегі аса көрнекті тарихи ескерткіш.

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Мәдениет ауылында 1999 жылы бой көтерген мемориалды кешенді атақты қазақ сәулетшілері Бек Ибраев пен Сәдуәқас Ағытаев салған. Алыстан менмұндалап тұрған Құлшынбай төбенің басында Ұлы даланың даңқты ұлдары Ағынтай мен Қарасай жерленген.

Ел аузындағы көп аңыздың біріне сенсек, Қарасай бозбала кезінен-ақ ортасынан өне бойы озық тұрған. Дене бітімінің ірілігі сонша, Қарасайға бір жұп етік тігу үшін бір бұқаның терісі кеткен екен. Ағынтайдың да алыптығын халық ұмытпаған. Әлі күнге дейін ел арасында қолы шоқпардай мықты азаматтарды «Ағынтай жұдырық» деп жатады.

Қос батыр өмірінің соңына дейін үзеңгілес болған. Елі мен жерін жоңғарлардан қорғау үшін майданға аттанған уақытта екеуінің де жасы 18-дерде еді. 48 жыл бойы қанды көйлек дос болған қос батыр 200-ге жуық қанды шайқастан бірге аман оралған-мыс.

Шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтайдың бейітіне салынған кесене түркі қағандарының ордасына ұқсас, ерекше сәулетті құрылыс, адал достық пен асқан ерлікке қойылған іргелі ескерткіш.

16-метрлік күмбезді мұнаралардың арасына мешіт салынған. Мемориалды кешен Меккеге қарап тұр.

Кесененің ішінде пинакотека залы бар. Зал қабырғаларына батырлардың ерлігін әйгілеп тұрған жазбалар қашалған.

Кешен жыл, он екі ай келушілерді қабылдауға дайын.

2021-2022 жж. кезеңінде қажет болар кеңестер

Қалай жетуге болады?

Мемориалды кешенге жеткізер жолдар Саумалкөл елді мекені арқылы өтеді. Саумалкөлге дейін Петропавл мен Көкшетаудан автобус пен такси қатынайды. Жазда жұма мен жексенбі күндеріНұр-Сұлтан мен Көкшетаудан Володарское (Саумалкөл) теміржол бекетіне дейін пойызбен жетуге болады. Жалпы Саумалкөл мен Петропавл арасын 250 шақырым, Көкшетаумен 92 шақырым бөліп жатыр.

Орналасу және тамақтану

Туристер мен зиярат етпек келушілер үшін кесене маңынан қонақүй ашылды. Кесенеге ең жақын елді мекен – Саумалкөл ауылында да қонақжайлар мен шағын қонақүйлер бар. Ал енді қалалық жайлылықты қалайтын туристер Көкшетауға немесе Петропавлға оралып, сондағы қонақүйлердің біріне орналасуға тура келеді. Тамақтануға болатын кафелер мен мейрамханалар кесенеге жеткізер бағдар бойында жеткілікті.