menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Мұражай / Этно-мемориалды кешен

Сырымбеттегі мұражай

Ұлтымыздың біртуар ғалымы Шоқанды тәрбиелеп, өсірген әжесі Айғаным өмір сүрген қоныс - ұлағатты тарихтан сыр шертер мекен

Жататын уақыт

Жататын уақыт

2 сағат

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Петропавл

Сырымбеттегі мұражай

Ұлтымыздың біртуар ғалымы Шоқанды тәрбиелеп, өсірген әжесі Айғаным өмір сүрген қоныс - ұлағатты тарихтан сыр шертер мекен

Қазақ даласының біртуар ғалымы, ұлы тарихшы, ағартушы. Мұның барлығы Шоқан Уәлиханов жайлы. Осынау ғұламаның қалыптасуында орны бөлек тұлға - Шоқанның әжесі Айғаным. Сырымбет ауылында орналасқан "Айғаным" мұражай-қонысы - Уәли хан әулетінің атақонысының бір бөлігі болып табылатын тарихи-этнографиялық ескерткіш.

Қоныстың түпнұсқасы сақталмағанымен, қалпына келтірілген нұсқасы да ХІХ ғасыр сәулетінің орыс сарынында орындалған керемет үлгісі болып табылады. Қоныс аумағында мешіт, медресе, байбатша және қонақ үйлері, қора салынған. Бірінші кезекте бұл - мұражайлық ғимарат емес, есімдері осы орынмен байланысты тарихи тұлғалар жайлы сыр шертетін шежірелі орын.

Мұражайда көрмелер, әдеби оқулар мен танымды дәрістер тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мұнда әр келуші жан дүниесі мен ой-санасын жарық нұрға бөлер әсерлерге кенелері сөзсіз.

Байланыс ақпараты: 8 (7153) 32-83-18