menu

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Қазақ

kk

English

Русский

Deutsch

Français

简体中文

한국어

عربى

Шипажай / демалыс аймағы

Имантау-Шалқар демалыс аймағы

Сізді әсем табиғат аясында қуаттанып, сауығып, ойыңыз бен бойыңызды тынықтырудың керемет мүмкіндігі күтеді

Жататын уақыт

Жататын уақыт

1 күн

Бағыттың құны

Бағыттың құны

Орналасу орны

Орналасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы

Имантау-Шалқар демалыс аймағы

Сізді әсем табиғат аясында қуаттанып, сауығып, ойыңыз бен бойыңызды тынықтырудың керемет мүмкіндігі күтеді

Имантау-Шалқар өңіріне саяхат жасау - табиғаттың түрлі игілікке толы қоржынын сыйға алумен тең. Қарқынды дамып келе жатқан демалыс аймағы Солтүстік Қазақстан облысының қос асыл айдыны - Шалқар мен Имантау көлдерінің бойында орналасқан. Бүгінгі таңда аталмыш аймақта саяхат және ойын-сауық саласын ілгерілетуге арналған бірқатар жобалар іске асырылуда. Шалқар-Имантау аймағында аңшылық, балық аулау, емдік-сауықтыру туризмі салалары бойынша маманданған демалыс орталықтары өте көп. Оған қоса, белсенді түрде спорттық туризм мен жылжымалы үйлермен саяхаттау, яғни автокараванинг бағыттарын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Имантау-Шалқар демалыс аймағында саяхатшы жайлылығын қамтамассыз ететін қажетті инфрақұрылым жасалған, қызмет көрсету сапасы да тұрақты түрде жылдан жылға жақсаруда. Сондықтан, осынау көркем өлке өзіңізге күткеніңізден де керемет демалыс сыйларына сенімдіміз.

Шалқар-Имантау демалыс аймағы жайлы бейнебаян


2020-2021 жылдарға арналған пайдалы кеңестер

Қалай жетемін?

Имантау-Шалқар курорттық аймағы Көкшетау қаласынан 60 шақырым, Петропавлдан 245 шақырым жерде орналасқан. Петропавлдан Имантау ауылына маршруттық автобуспен, одан таксимен керек демалыс орталығына жетуге болады. Көкшетаудан Арықбалық және Чистополье ауылдарына тұрақты шағын автобустар қатынайды. Қалаған жерге таксимен де жетуге болады.

Тамақтану және тұру

Көлдердің жағасында тұру мен тамақтанудың әртүрлі нұсқаларын ұсынатын көптеген демалыс орталықтары бар. Тауға барсаңыз немесе «жабайы» болып демалуды шешсеңіз, қай бағытқа баратыныңызға қарай Астана, Көкшетау немесе Петропавлда азық-түлік қорын жинаған дұрыс.